Азат елдің аруы

Жаңалықтар
20.12.2016, 17:09
Оқуға 2 мин
 Тәуелсіз елде туылып, ер жеткен, санасы құлдық санадан азат жастың бірі  Салтанат Толыбаева – үйдегі 6 баланың тұңғышы. Ел егемендігімен тете өскен жас теміржолшы 1992 жылдың наурызында қарапайым теміржолшылар шаңырағында дүниеге келді.     М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында оқып жүрген жылдары сабақты үздік оқығаны үшін тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш көлік министрі Нығметжан Есенғариннің атаулы шәкіртақысын алған кезде болашақ мамандығына деген сүйіспеншщілігі мен құрметі арта түскен.  Оқу орнын қызыл дипломға бітіріп алтын бесік ауылы – түбекке оралғанда да арманы аламатудай болды. Оқу орнының берген жолдамасы бойынша әуелі Өзен станциясында станция бойынша кезекші жанындағы оператор болып  8 ай жұмыс істейді. Бұдан кейін «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ – Маңғыстау бөлімшесі филиалына жүк қабылдап-тапсырушы қызметіне ауысып, «ҚТЖ» Жастар кеңесінің Маңғыстау аймақтық өкілі болып сайланады. Кешегі арманы мен үмітін серік еткен жас қыз нағыз теміржолшы маманға айналды. Өмірлік серігін кездестіріп отбасын құрды.  -Менің өмірлік жолдасым да теміржолшы. Таныстығымыз әлеуметтік желіден басталды. Сөйлесе келе, әңгімеміз жарасып, отбасын құрдық, – дейді жас маман.  Салтанаттың әкесі Шорабай Абдашов та саналы ғұмырын темір тұлпар тізгіндеуге арнаған  «Құрметті теміржолшы»,   Маңғыстау локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі.  Салтанаттың айтуынша, әкесі жұмысқа асығыс кетіп, тоңазытқышта тұрған тамағын әкетуді ұмытып кеткен кездері анасы мектепте оқитын тұңғыышын апарып беруге жиі жұмсайды екен.  ─ Әкемнің отбасындағы 5 ұлдың үшеуі теміржолшы, екеуі мұнайшы. Әр жұмыстың өз қиындығы мен қызығы болады. Шойын жол саласының жауапкершілік жүгі таудай. Мысалы, болмас қателігіңмен үлкен апат тудыруың мүмкін немесе жұмысқа олақ қарасаң, біреудің миллиондаған соммадағы тауары жоғалып кетуі ғажап емес.  Тауардың саны мен бағасы дұрыс жазылмаса да  қателіктің орнын қалтаңмен жабасыз. Пойыз көп кезде аяққа тыным болмайды, бір ауысымда 20-30 адам  жұмыс істейміз, – дейді Салтанат. Оның осындай ортада жұмыс жасап жатқанына 2 жылдан асты. Жұмысқа уақытылы барып,  жоспар барысы мен күн тәртібі, техникалық қауіпсіздік  туралы жиынға қатысады. Жүк пойызы келгенде бүкіл вагонға тексеріс жасайды,  вагон пломбаларын тексеріп,  тиелген жүкті таразылап, ешқандай ақау жоқтығына, барлық техникалық жағдайлардың дұрыстығына көз жеткізеді. Бір ауысымдағы үш адамның әрқайсысы өз жұмысына жауапты.

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті