Ұстазы жақсы қандай-ды...

Жаңалықтар
20.12.2016, 17:29
Оқуға 2 мин
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында «ҚР Еңбегі сіңген қайраткері» атағымен марапатталған азаматтардың бірі – Темірхан  Мұсаев. Темірхан Сырбайұлының есімі Қазақ көлік және коммуникация академиясының түлектеріне жақсы таныс. Түркістан қаласының тумасы Темірхан Сырбайұлы еңбек жолын  1974 жылы Қазақ темір жолы ПЧ-10 мекемесінде бастаған болатын. Темірхан ағаның өмір жолына үңілсең, ол кісі саналы ғұмырын білім жолына арнап келеді. 1975 жылдан бастап Алматы теміржол көлігі инженерлері институтына инженер болып ауысқан ол, 1976-1985 жылдар аралығында «Көпірлер мен жерасты жолдары» кафедрасында ассистент, аға оқытушы, техника ғылымдарының докторы, доцент болып қызмет етеді. 1986 жылы Құрылыс жобаҒЗИ аспирантурасын бітіріп, 1988-1992 жылдары факультет деканы, 1994-1996 жылдары АЛИИТ бірінші проректоры лауазымын атқарады. Ал 1997 жылдан 2001 жылға дейін Қазақ көлік және коммуникация академиясының факультет деканы болса,  одан кейін үш жыл аталған білім ордасында оқу ісі жөніндегі бірінші проректоры қызметінде, 2004 жылы ҚазККА ректоры болады. Бір жылдан соң  Темірхан Сырбайұлы бұрынғы, оқу ісі жөніндегі проректоры қызметіне қайта оралып, ал 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Көлік құрылысы» кафедрасының профессоры лауазымында жастарды біліммен сусындатуда аянбай еңбек етіп жүр.   Темірхан Мұсаевтың ізденімпаздығы, білім мен ілімге деген құштарлығы оны жақсы танитын адамдарды тамсандырмай қоймасы анық. 3 монографияның, 4 оқулықтың, 100-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы Темірхан Мұсаевтың рационализаторлық қызметте де өзіндік қолтаңбасы бар. Ол өзі жасап шығарған құрылғылардың 2 патентіне ие. « Құрметті теміржолшы», «ҚР Білім берудің құрметті қызметкері» және «ҚР Білім беру үздігі» төсбелгілерімен, КСРО Қатынас жолдары министрлігінің атаулы сағатымен, «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «Біртұтас Қазақстан темір жолына 50 жыл» мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталған Түркістан қаласының құрметті азаматы Темірхан Мұсаевтың наградалар қоржынына биыл тағы бір марапат –  «ҚР Еңбегі сіңген қайраткері» атағы қосылып отыр. Бұл - мыңдаған теміржолшыларға үлкен әріптермен жазылатын Ұстаз ретінде танылған Темірхан Сырбайұлының кезекті еңбек жеңісі, һәм жемісі екені сөзсіз.  Бүгінде екі ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, 8 немере сүйіп, қырық жыл отасқан адал жарымен бақытты ғұмыр кешіп жатқан Темірхан ағамызды біз де құттықтап, деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын демекпіз.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті