Электропойыздарға сұраныс артуда

Жаңалықтар
23.12.2016, 11:51
Оқуға 2 мин
Үсті-үстіне жауған қалың қар, ұйытқыған күшті жел екпінімен бұрқасындатқан  апта, солтүстік облыстарда ақ түтек боранды болды. Автожолдар жабылып, қозғалыс шектеліп, теміржол көлігіне сұраныс күрт артты. Әсіресе, жақын аралықтарға қатынайтын  электропойыздар жолаушыға лық толып, тіпті билет жетпей қалып, қарбалас туындады. «Қала маңы тасымалы» АҚ мәліметінше, Астанадан жақын маңдағы Қарағанды, Көкшетау, Павлодар бағыттарына осы боранды аптада 44 мың жолаушы тасымалданған. Олардың дені жақын аралықққа қатынайтын электропойыздар қызметін пайдаланған. Электропойыздардан тапшылық  жоқ, оның үстіне құрамдарға қосымша вагондар тіркеліп жатқаны хабарлануда. Десе де, халықтың вагондарға лық толғаны сонша, орынсыз жолаушылар бірнеше сағат жолды тік тұрып  баруға мәжбүр болған. Өткен аптада, ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық  мерекесі қарсаңында  Елордадан Астана – Қарағанды және Астана – Көкшетау бағыттары бойынша тағы да қос электропойыз сапарға аттанғаны – жолаушылар үшін жасалған кезекті  игілік  болды. Сарыарқа төсінен сапарға шыққан жолаушылар су жаңа электропойыздарды тұңғыш сапарға шығарып салып,  халықтың қуанышына ортақтасқан едік. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы Әбубәкір Смайловтың айтуынша,  Астана – Қарағанды бағыты бойынша Астанадан сағат 14:55-те жүретін жаңа электропойыз  Вишневка, Осакаровка және Қарағанды – Сұрыптау станцияларына аялдап, межелі жерге жетеді. Бірінші класс вагонында жол жүру құны – 1305 теңге, екінші класта – 1216 теңге, үшінші класта – 1010 теңгені құрайды. Ал Астана – Көкшетау бағытындағы электропойыз Ақкөл, Макинка, Курорт-Бурабай станцияларына тоқтайды.  Бірінші класс вагонында жол жүру бағасы – 1567 теңге, екінші класс вагонда – 1459 теңге, үшінші класс вагонының билет  құны – 1212 теңге тұрады. Құтты бір жылжымалы кеңсарайдай электропойызда жолаушы қажетінің бәрі жасалған, есіктері автоматтандырылған, өздігінен ашылып-жабылады. Жұмсақ та жайлы орындар бұрынғылардан әлдеқайда ерекшеленеді.     –Бұл электропойыз Қазақстан темір жолының тапсырмасы бойынша жасалынды. Жыл соңына дейін 4 құрам келеді. Барлығы 6 вагоннан 24 вагон болып есептеледі. Электропойыз құрамында 2 вагон бірінші класс, 2 вагон екінші класс, қалған 2 вагон үшінші кластан тұрады. Электропойыздар әлемдік қала маңы стандартына  толығымен сәйкес келетіндіктен,  Кедендік Одақтың техникалық регламентіне де сай. Жолаушылардың арасында әртүрлі жастағы адамдар болатындықтан, жұмсақ орындықтар мен интернет желісінде ақпараттық ойын-сауық порталы және көңіл көтеретін фильмдер ұсынылмақ, – деді «Қала маңындағы тасымалы» АҚ вице-президенті Сұлтан Табынбаев.

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті