Мерейлі мереке айшықтары
Жаңалықтар
23.12.2016, 12:32
Маңғыстау темір жолымен тетелес өсіп келе жатқан Маңғыстау ауылында өткен мерекеге өңірдің түкпір-түкпірінен теміржолшылар келді.
Маңғыстау жүк тасымалы филиалының директоры Нәжимеден Ғұбашев көпшілікті Тәуелсіздігік тойымен құттықтап, 25 жылдыққа орай еңбек озаттарын марапаттады. Сондай-ақ, Маңғыстау теміржол мекемелері арасында өткен спорттық сайыс жеңімпаздары мен жастар форумында жүлде алғандар, "Жас кәсіби маман" байқауынан "Жас диспетчер - 2016", "Жас жолсерік - 2016", "Жас кадр маманы - 2016" номинациясын жеңіп алған жас мамандар да назардан тыс қалмай, бөлімшесі директорының Алғыс хатына ие болды.
Ардагер теміржолшылар Амандық Алдабергенов, Қожахмет Уәзір, Бекқожа Сәмиевтер сөз алып, қасиетті де қастерлі ұғым Тәуелсіздік жайын толғады.
Шахида Жұман, Маңғыстау
Оңтүстікте өткен мерекелік жиынды алдымен аймақтағы ардагерлер бастады.
Мерекелік жиында ардагерлер комитетінің төрағасы Нұрғали Нұртаев бірқатар әріптестерін шақырып, мейрамның құрметіне дастархан жайды. Магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Марат Оңалов Ұлттық компания жетекшісі Қанат Алпысбаевтың атынан 13 ардагерге, Ардагерлердің орталық кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемәлиевтің атынан 3 ардагерге «Алғыс хат» тапсырды.
Мерекелік шара «Шымкент жүк бөлімшесі» ЖТ филиалында жалғасын тапты. Филиал басшысы Ермекбай Ерманов бірқатар басшы қызметтегі әріптестерін «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, Ұлттық компания президентінің «Алғыс хатымен», «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Атырау өңірі теміржолшылардың салтанатты шарасында сөз алған Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Бөріхан Сматоллаұлы жиналғандарды мерекемен құттықтай келіп, тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетісіткерге тоқталып, оған теміржолшы қауымның қосқан үлесі зор болғанын мақтанышпен жеткізді.
Бөлімше басшысы бір топ зейнеткерлер мен еңбек озаттарына «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін табыс етсе, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің экономикалық бөлімінің бастығы Әлфия Кенжалиеваны «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Бұдан бөлек, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің пойыз диспетчері Мәлік Бисенғалиев, Мақат локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Беркін Әжіғалиев, Махамбет станциясының пойыз құрастырушысы Ишарат Тлепбергеновтер компания басшысының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА, Атырау
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі директоры Аманкелді Арысбаев аймақ теміржолының дамуына айтарлықтай үлес қосқан қос ардагерді құттықтады. Олар – Социалистік Еңбек Ері, құрметті теміржолшы-зейнеткерлер Оразбай Әбішев пен Пазылбек Орынбасаров. Қос қарияны арнайы қабылдап, Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерекелік төсбелгісін тапсырған Арысбаев саланың өркендеуіне зор үлес қосқан ардагерлерге алғыс айтып, мықты денсаулық, ұзақ өмір тіледі.
Сондай-ақ, облыстық филармонияда өткен салтанатты жиында болат жол еңбеккерлеріне «ҚТЖ» компаниясы басшылығының және құрамдас мекеме-ұйымдардың Құрмет грамотасы, Алғыс хаты мен қаржылай марапаттар табыс етілді.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Қандай бір салтанатты шара марапатсыз өткен бе?! Тәуелсіздік мерекесіне орай, бірқатар семейлік теміржолшылардың абыройлары асқақтады. Атап айтсақ, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекелік медалімен басқосуды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті жанындағы Консультативтік кеңес мүшесі, Семей жол бөлімшесі бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрметті теміржолшы Қырықбай Әлсейітов наградталды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаевтың Алғыс хатымен «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен Семей станциясы қызметкері Мұратбек Қайырбеков, Семей электрмен жабдықтау дистанциясы директорының орынбасары Нұрлан Батталов марапатталды. Сондай-ақ, ел егемендігінің 25 жылдығына орай, ұлттық компания президентінің Құрмет грамотасымен Семей локомотив пайдалану депосының машинисі Тілеуберді Әділбеков, НЖС-6 бойынша Семей станциясындағы қалпына келтіру пойызының шебері Оңғарбек Жәкенов, ТЧЭ-24 тепловоз машинисі Берікбол Кәрімбеков, НЖС-6 үнемдеу бөлімінің басшысы Қымбат Қойшыбекова сынды қызметкерлер барша әріптестерінің алдында айрықша құрметке бөленді.
Қуан ЕРТІС, Семей
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің мәжіліс залында өткен салтанатта үш буын теміржолшылар өкілдері бас қосты. Аға буын теміржолшылар мен бөлімшеге қарасты станция-разъезден жиналған болат жолдың майталмандары алдында облыстық филармония ұжымы мерекелік концерт берді.
Мерекелік кештің көркін марапаттау шарасы қыздыра түсті. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» мерекелік медальмен марапатталған ардагерлер өткен жылдардан естелік шертсе, компания басшысының Алғыс хатына ие болғандардың дені жастар болды.
– Тарихта 25 жыл өте қысқа мерзім. Дегенмен, осы уақыт аралығында Қазақстан экономикасы жоғары мемлекет ретінде танылды. Тәуелсіздік біздің ең жоғарғы мәртебелі құндылығымыз, азаттықтың арқасында ел ретінде еңсе тіктеген мемлекеттің тұғыры, – деп атап өтті Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Мағауия Оразқұлов.
Оның айтуынша, әрбір теміржолшы осы саланың өркендеуіне күш салып келеді.
Ардагерлер атынан сөз алған Марс Ким ұлттық компания президенті жанындағы консультациялық кеңесте әріптестерімен бірге талай мәселелерге кезігіп, оларды шешу жолдарын қарастырғандарын жеткізді.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды