Жамбыл облысында су тасқынынан бүлінген көпірлер шұғыл қалпына келтірілді

Жаңалықтар
16.08.2021, 09:03
Асхат Райқұл

Жамбыл облысы аумағындағы Меркі ауданының тауларына қар түсіп, еріген су мен көп мөлшерде жауған жауын-шашынның салдарынан Аспара-Шу аралығындағы теміржол көпірі мен автожолға зақым келіп, халықты біраз әбігерге салды. Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні апат салдары жойылып, пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Мұндағы су өткізуге арналған жасанды құрылымдар толық режимде жұмыс істеп тұрғанымен, теміржол көпірінің тіректері судың үлкен көлемі мен қысымына шыдас бермеді. Сол себепті аймақта жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы бірнеше сағатқа тоқтатылды. Нақтылай айтқанда, №712 Шымкент-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол бағытындағы, №78 Маңғыстау-Алматы-2, №42 Атырау-Алматы-2, №23 Алматы-Ақтөбе, №29 Алматы-Атырау, №33 Алматы-2-Ақтөбе бағыттары бойынша жолаушылар пойыздары жүру уақыттарынан кешіккен. Төтенше оқиға орын алысымен Аспара-Шу аралығындағы пойыздардың қозғалысын жедел қалпына келтіруге аймақтағы теміржолшылар жұмыла кірісті. Шу жол дистанциясының басшысы Ғалымбек Батырбековтің айтуынша, таудан аққан су көпірдің бір жақ қапталын бұзып өткен. «Төтенше оқиға орын алған күні кешкі 18.00 шамасында аталған тұстан өтетін екі жолды да жапқан болатынбыз. Зардаптарды жою үшін арнайы теміржол және автотракторлық техникаларды жұмылдырдық. Қажетті материалдарды, шпал, рельс, қиыршық тастар мен кесек тастарды да дер кезінде жеткіздік. Оқиға орнында 75 жолшы түні бойы жұмыс істеді. Қазіргі таңда Аспара-Шу аралығындағы теміржолдарды қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, пойыздар жүріп жатыр», – деп мәлімет берді Ғалымбек Тұрғанбекұлы. Теміржолшылардың жедел іс-қимылы нәтижесінде түнгі сағат 02.15-те бір жол бойынша пойыздар қозғалысы ашылған. Қалпына келтірілген жолдан алдымен контейнерлік пойыз өтсе, одан кейін Шымкент-Нұр-Сұлтан бағытындағы №712 «Тальго» жолаушылар пойызы өткен. Ал, қарсы қозғалыс жолы таңғы сағат 8.20-да пайдалануға берілді. ҚТЖ мамандары апатты жағдайды жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстарына теміржолшылардан бөлек, басқа да құрылымдар белсене атсалысып, жедел әрі үйлесімді жұмыс істегенін мәлімдеді. Сондай-ақ барлық станцияларға пойыздардың кешігу мерзімі мен себептері туралы алдын ала ақпарат берілген. Өңірде қалыптасқан ахуалға байланысты қауырт желі де іске қосылды.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?