Қауіпті ақауды анықтады
Жаңа жылға санаулы күн қалғанда Маңғыстау вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету бөлімінің жұмысшысы темір жолдағы аса үлкен зардапқа соқтыруы мүмкін қауіптің бетін қайтарды.
Ол Маңғыстау станциясына аялдаған №2510 пойызының №74875758/271 жүк вагонының бүйірлік рамасынан ұзындығы 120 миллиметрлік сынықты тауып, қауіпті апаттың алдын алды.
– Ақау табылған жүк вагоны «Қазтеміртранс» АҚ-на тиесілі, күрделі жөндеуден 2014 жылы шыққан. Алдағы ақпан айында деполық жөндеуге жіберілуі керек болатын. Орын алған жағдай бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде. Сыртынан көрініп тұратын, аса үлкен көлемдегі жарықты 20 желтоқсан күні, күндізгі ауысымда 8-жолды техникалық қарау кезінде аға вагон қараушы Ерлан Ереков тапты. Егер вагон сол қауіпті ақаумен Маңғыстау станциясынан шығып кеткенде, Шетпе станциясына жетер ме, жетпес пе еді... Ойлаудың өзі қорқынышты, – дейді орын алған жайтқа қатысты Маңғыстау вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Жұмабек Якупбаев.
Оның айтуынша, бүйірлік рамасынан мұндай көлемді сынық бұған дейін Маңғыстау станциясына келген пойыздарды бақылау кезінде кездеспеген. Сондықтан өз ісіне ұқыппен қарап, осындай ақауды дер уақытында көре білген вагон қараушыны мекеме арнайы марапатқа ұсынғалы отыр.
Ерлан Ереков Маңғыстау вагон пайдалану депосында 13 жылдан бері еңбек етіп келеді, тәжірибелі вагон қараушы. Осыған дейін де бірнеше мәрте қырағылығымен, жұмысқа деген жауапкершілігімен көзге түскен екен.
Айта кетейік, аталған қауіпті ақау 2016 жылғы желтоқсанның 12-сі мен 2017 жылдың наурыз айы аралығында өтіп жатқан вагонның бүйірлік рамасына күшейтілген тәртіптегі бақылау айлығы кезінде анықталып отыр.
Шахида ЖҰМАН
Маңғыстау
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті