Жаңа жылға – жаңа стандартпен

Жаңалықтар
10.01.2017, 11:52
Оқуға 4 мин
Биыл ел темір жолы арқылы жолаушылайтын азаматтар үшін пойыздарда көптеген жағымды жаңалықтар болғалы тұр. Бұл туралы өткен жылдың соңғы күндері «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Нұрдәулет Қилыбай баяндаған еді. Оның айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаевтың тапсырмасымен қоғамда қызмет көрсетудің жаңа стандарттары жасалған.  Жаңа стандартқа  жолаушылар тасымалын ұйымдастыру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жаңа қосымшалар енгізілген. Бұл стандарт сервистік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ететін 6 негізгі процестен тұрады: жолаушыларды ақпараттандыру, билет сату, вагондардың санитарлық-техникалық жағдайы, пойыздарды жабдықтау, қызмет көрсету персоналы, сервистік қызметтер. –Клиенттермен қарым-қатынас жасаудың және кері байланыс орнатудың бұрыннан бар сызбасы жеткілікті дәрежеде жетілдірілмеген. Онда қарым-қатынас тәсілдері бытыраңқы, бірыңғай бақылау жоқ, азаматтардың хабарласуын есепке алу жүргізілмейді. «Транстелеком» АҚ-мен бірге 105 Қызметі модельдерін өзгерту мәселесі қаралып жатыр. Қалалық және ұялы байланыс арқылы азаматтардың өтініш-шағымдарын қабылдау қызметін, сонымен бірге қабылданған азаматтар хабарламаларын қоғамға жолдауды ақысыз түрде жасау ұсынылды, – деді Н. Игілікұлы. Қоғам тарапынан жекелеген қызметкерлер есебінен, мысалы бухгалтерия қызметкерлерінен билеттер мен ақшалай қайтару бойынша,  ИТ қызметінен сату каналдарының қабілеттілігі бойынша, жедел қызмет жөніндегі эксплуатациялық блоктан вагондардың санитарлық-техникалық жағдайы мен пойыздардың кешіктірілуі мәселелері бойынша, сервистік блоктан сервистік персонал, вагондарды жабдықтау және сервистік қызмет бойынша Сапа қызметін құру ұсынылып отыр. Клиенттер үшін 105 қызметіне қоңырау шалу, WhatsApp бірыңғай номерге СМС жіберу (бұл тәжірибеде бар), KTJPortal мобильді қосымшасы арқылы сұрақ/жауап ұйымдастыру сынды нақты жүгіну каналдары ұйымдастырылатын болады. Азаматтардың хабарласу каналдары туралы ақпарат барлық вагондарда болады. Соған қоса Сапа қызметі KTJPortal ұялы байланыс қосымшасы арқылы RealTime режимінде клиенттер үшін 30 минуттан көп уақытқа кешіктірілетін пойыздар туралы барлық ақпаратты салып отырмақ. Бұл қызмет еуропалық елдерде тәжірибеден өтуде.  Жаңа стандартта вагондардың санитарлық-техникалық жағдайына қатысты төмендегідей қосымша талаптар қарастырылған: жуу-тазалау жұмысының жиілігін арттыру( тәулігіне әрбір 4-7 сағат сайын 2 реттен көп жуып-тазалау) және вагондарды залалсыздандыруды күшейту (ай сайын әр кез жолға шығар алдында бірнеше рет залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу). Сонымен қатар сапаны бақылауда көшбасшы болып саналатын BureauVeritas компаниясымен ықтимал ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу бойынша келіссөздер жүргізілді. Желтоқсан айында жаңа стандарт негізінде бірыңғай клинингтік компаниядан вагондарды жуу-тазалау және залалсыздандыру бойынша қызметтерді сатып алуға техникалық міндеттерді анықтау жоспарланды. Жаңа стандартта пойыздарды жабдықтау жөнінен пойыздар санаты мен вагондар класына қарай төсек-орын жабдықтарын саралау қарастырылған. Мәселен, «Тұлпар-Тальго» пойыздарының «Гранд» и «Бизнес» класына жататын вагондарына және стандартты пойыздардың «СВ» класына жататын вагондарына құрамында мақтасы 80 пайыздан кем емес сәтеннен тігілген  жабдық   ұсынылмақ, ал класы төмен вагондарда  мақтасының құрамы 35 пайызды құрайтын бөзден тігілген жабдықтар пайдаланылмақ. 2017 жылдың қаңтарында Астана мен Алматы қалаларында Hohenstein зертханасының көшбасшы сарапшыларымен бірге кір жуатын комбинаттар аудиті жоспарланған. Аудит нәтижесінде «жабдықтау» процесі бойынша жаңа стандарт жасалып, ол бірыңғай стандартқа қосымша болып енгізілмек. Сервистік персоналды қайта бағыттау мен жеке бас қасиеттері, біліктілігін арттыру мақсатында, сонымен бірге оқыту шараларына шығындар портфелін оңтайландыру үшін жеке Мінсіз сервис мектебін ашу ұсынылды. Оқытудың 7 негізгі бағыты анықталып отыр. «ЭЙР Астана» АҚ мен ынтымақтастық меморандумы аясында «Тұлпар-Тальго» пойызы бастықтарының құзыреттілігін бағалау жүргізілді, Мінсіз сервис мектебі менеджер-жаттықтырушыларын оқытудың жоспары жасалды.  Қоғамда бүгінде барлығы 6 672 пойыз бригадасы бар, оның ішінде 256 адам пойыз бастықтары. Қоғам 2017 жылы пойыз бригадаларын саралау және ынталандыру жүйесін енгізу мүмкіндіктерін қарастыруды жоспарлауда. Пойыздарда тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын жақсарту мақсатында бірыңғай тамақ мәзірі, сервис интерьері және таңбалануы бар бірыңғай оператор тарту концепциясы қабылданды. Стандарт балалар және диеталық тамақ мәзірімен, қызметкерлердің ағылшын тілін Elementary деңгейінен төмен білмеуі талаптарымен толықтырылды. Ұшақтардағы борттық тамақтану тәртібі негізінде тағам қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мақсатында ендігі жерде тамақтар пойызда дайындалмайтын болады. Оған қоса стандартта билеттерді интернет-портал арқылы сатып алушылар үшін тамақ мәзіріне алдын ала тапсырыс беру мүмкіндігін ашу қарастырылуда.

Райхан РАХМЕТОВА

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті