Жаңа вокзал мамырда пайдалануға беріледі
Сәрсенбі күні ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Астана қаласының жаңа теміржол вокзалының құрылысы және Астана станциясының теміржол торабын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтті.
Аталған жобаларды іске асыру барысы жайлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қ. Алпысбаев баяндады. Ол қазіргі таңда Астананың вокзал кешені мен теміржол торабының әзірлігі 80% құрайтынын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта бетон жұмыстары, ғимараттың металл қаңқасын құру, шатыр жұмыстары, ғимараттың жылыту бөлігінің қасбеттерін қаптау аяқталды, орталықтан жылыту іске қосылды. Кірме теміржол эстакадасында металл аралық құрылыстарын құру аяқталды, шуылдан қорғау экранының тірек бөліктері мен металл құрылыстарын монтаждау соңына таяп қалды, жолдың жоғарғы құрылысы салынып жатыр.
Вокзалдың ернеулерін қаптау жұмыстары, ғимараттың жылытылмайтын бөлігінің қасбеттерін әрлеу, ауа алмастыру жүйесін монтаждау, сыртқы электрмен қамту жұмыстары 90% аяқталды.
Вокзал ғимаратының ішіндегі әрлеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.
2017 жылдың 1 мамырына қарай вокзал ғимаратындағы лифттер мен эскалаторларды монтаждау, іске қосу және жөндеу, төңіректі абаттандыру және көгалдандыру, сонымен қатар әрлеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.
Елорданың жаңа теміржол вокзалы аумағындағы инженерлік коммуникациялар мен жол құрылысы жұмыстарының барысы туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхаметов есеп берді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаев өз кезегінде қала басшылығымен бірге барлық жолаушы ағынын жаңа вокалға бағыттау жұмысын жүргізу қажеттігіне тоқталды.
–Бізде қазір жұмыс жоспары мынадай: біз алдымен жаңа вокзалды қалыптастыруымыз керек, сосын ашылудың 60 күн алдын ол туралы бүкіл ТМД-ға мәлім етіп, билет сатуды бастаймыз. Автобус қозғалысы мен пойыз қозғалысын бірге үйлестіру қажет, – деді Қанат Қалиұлы.
Сондай-ақ, мердігер ұйымдардың басшыларының құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқару, жаңа теміржол вокзалын пайдалануға беру қызметінің жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Аталған нысан құрылысында шамамен 1 150 адам жұмыс істейді. Астананың жаңа теміржол вокзалының өткізу қабілеті – тәулігіне 35 мың жолаушы.
Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин вокзал кешені мен Астана станциясының теміржол торабы құрылысын аяқтауға байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ол аталған нысандардың Халықаралық ЭКСПО көрмесі қарсаңында сапалы әрі уақытылы тапсырылуының маңыздылығын айтып өтті.
Айгерім БАҚЫШЕВА, Астана
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті