Арнайы жоспар әзірленуде
ҚР тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген бағыт пен мақсаттарды іске асыру үшін «ҚТЖ» ұлттық компаниясының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленуде.
–Компанияның іс-шаралар жоспары мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты мен міндеттерін іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, мемлекеттік тілдің темір жолдың барлық саласында қолданылуына және оны одан әрі дамытылуын қамтамасыз етуге негізделген. Мемлекеттік тілді оқыту процесін, оған сұранысты және мәртебесін арттыру, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы – мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз етуде жүргізіліп отырған үйлесімді тіл саясатын насихаттауымыз керек. Бұған қоса компания қызметкерлерінің «Қазтест» бағдарламасы бойынша тестілеуден өтуі, көпшілік мәдени, спорттық және қоғамдық шаралар кезінде мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету сынды қосымша міндеттер бар, – дейді ұлттық компанияның Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының бас маманы Ербол Тоқтағазы.
Әзірге дайындалып жатқан жоспар жобасы ішінде қазақ терминологиясын, тілдік ортаны қалыптастырудың, тілдерді дамытудың өзекті мәселелері бойынша республикалық, аймақтық конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестер өткізу, ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппаратының қызметкерлерін мемлекеттік тілге оқыту бойынша курстар ұйымдастыру, ұлттық компанияның «Шаруашылық басқармасы» филиалының құжаттарды аудару және түзету бөлімімен бірлесе отырып, теміржол саласы бойынша бірыңғай терминологиялық сөздік әзірлеу, жұмыс барысында қолдану үшін еліміздегі теміржол станциялары атауларының қазақша-орысша, орысша-қазақша анықтамалығын дайындау, құжат дайындау кезінде жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің қазақша-орысша, орысша-қазақша жинағын әзірлеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр екен.
Орталық өкілі Е.Тоқтағазының айтуынша, бұған қоса Қазақстан халқы тілдерінің республикалық фестивалі аясында құжаттарды мемлекеттік тілде дайындайтын «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерін марапаттау, қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеруіне қажетті жағдайлар жасауда үздік нәтиже көрсеткендері үшін «Үздік департамент», «Үздік филиал», «Үздік акционерлік қоғам» номинациялары бойынша марапаттау, т.б іс-шаралар жоспарға енгізіліп жатыр.
Жоспар толық әзірленіп бітпеген, әлі заңгер, сарапшы мамандар сүзгісінен өтеді. Сондықтан жобаға өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Райхан РАХМЕТОВА
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті