Ажалына асыққандар азаяр емес..

Жаңалықтар
17.01.2017, 18:31
Өткен жылы Шымкент жол дистанциясына қарсты телімдерде  8 рет адамды пойыз басу оқиғасы тіркелді. Оның жетеуі бақилық болған,  ішінде өз еріктерімен өлімге бас тіккендер де, ережені елемей опық жегендер де бар.  Дистанциялықтар темір жол жағасында тұратын елді-мекен тұрғындарына болат жолдың кез-келген жерінен кесіп өтудің өміріне қауіпті екенін айтудан шаршаған сыңайлы. Рельстің күйін келтіріп, бұрманы баптап жүріп те арасында адамдардың қауіпсіздігі үшін үй-үйді аралайды. Жиі кездесу өткізіп, бірнеше адамның басы қосылған жерден ескерту айтпай өтпейді. Дистанцияның еңбек қорғау инженері Қалия Иманбекова мектептегі мұғалімдерден «сіздер жалықтырып жібердіңіздер...» деген сөзді де естігенін айтады. Ондайға құлақтары үйренген жолшы қауым өткен жыл ішінде 7127 адамның қатысумен 192 рет жиын өткізіп, 59 мектепте 22 589 оқушымен кездесу ұйымдастырған. Бәрінде тағы сол қайталау, ескерту, темір жолдағы қайғылы жағдайлардан мысал келтіру, тіпті бейнетаспа, суреттерге дейін көрсетіп-ақ жүр. Тоғыз рет аймақтағы ЖІІБ тәртіп сақшыларымен бірлесіп рейдке шығып, алты жүргіншіге ескерту берген. Екінші рет сол адамдардың тағы белгіленбеген жерден өткенін көрсе айыппұл салмақ. Темір жол төңірегі қауіпті аймақ екені осы бір жыл ішінде жергілікті радиодан 9 рет айтылса, басылым беттеріне 7 рет мақала шығып, бір рет теледидардан арнайы хабар көрсетілген. Бәрі де халықтың қауіпсіздігі үшін. Жол бойында, өткелдерде 12 сақтандыру белгілері жаңартылса, дистанциядағы мамандардың өзімен осы жайында халыққа түсіндіру үшін 12 жиналыс ұйымдастырылыпты.      Шымкент жол дистанциясының адамдарға қауіпті деген 39,2 шақырымына қоршау жүргізілген. Дегенмен, халық жиі өтетін Қызылсай, Манкент станцияларының бойы әлі қоршалмай тұр. Алайда сол орнатылған шақырымдардағы қоршаудың өзі сақталмауда. – Адамдардың санасыздығына күйінеміз. Бұрын ескерту айтсақ жол жиегі қоршалмағанын сылтау ететін. Енді сол темір шарбаққа тыныштық бермеуде. Тұрғындар жолды өздеріне ыңғайлап, талапқа сай емес тұстан есік ашып алуын тоқтатар емес. Шымкент – Қорғасын аралығындағы қоршау шарбақтарының 12 данасы ұрланды. Ол жайлы Шымкент станциясындағы ЖІІБ-не және қалалық көлік прокуратурасына арыз түсірдік. Әлі ұры табылмады. Қосымша қорда тұратын шарбақ жоқ болғасын орны жаңаланбай тұр. Қанша айтсақ та, тұрғындар жолдан жүгіріп өтін қоймайды, балалары қараусыз ойнап жүреді. Болмаса алаңсыз қой-ешкісін жаяды.  Ескерту берсек, дүкенге барып келу үшін елу метр жүруге қиналыс білдіреді. Олар үшін әр үйдің маңайынан қоршаудың есігін орнатып беруіміз керек екен, – дейді Қалия Иманбекова.    Шымкент – Қызылсай телімі бұл өңірде «қанды жол» аталады. Өткен жылы 31 жастағы екі жігіт пен 51 жасар әйел осы аралықта өзін-өзі пойыздың астына тастаған. Құлаққаптың кесірінен өлім құшқан 22 жасар қыз баланың да талқаны осы телімде  таусылыпты. Қорғасын – Черноводск бойында 35 жасар жігіт те суицид жасаған.  Шымкент – Қорғасын аралығындағы 37 жасар ер кісі де жарық дүниеден қоштасудың жолын болат жолдан тауыпты.  27 жасар екінші қыз Черноводск – Бадам аралығында тағы сол құлаққаппен әуен тыңдаған бойы абайсызда ажал құшты    Жаңа жыл да басталды. Жолшылар тағы жол бойын қорып, ел аралап түсіндіру, насихат жұмысын жалғастыруда.  Өзін-өзі өлімге қиғандарға айла жоқ, алайда өміріне жауапсыз қарайтындарға алла  сана берсе екен деуден басқа айтары жоқ. 

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды