Бірлігі мықты ел озар

ҚТЖ келбеті
02.05.2024, 11:52
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Апат айтып келмейді. Еліміздің батыс өңіріндегі біраз ауылды басқан топан су да апаттың бірінен болатын. Осы қызыл суға қарсы күресте теміржол мекемелері де қарап қалмады. Олардың қатарынан «Кедентранссервис» АҚ-ның Атырау аймақтық филиалы да табылды.  

«2024 жылғы 4 сәуір күні таңертең су деңгейі секундына 1672 текше метрге жетіп, Доссор – Құлсары – Бейнеу жолдарын толық су басты. «ҚТЖ-ҰК» АҚ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығы бастамасымен, Атырау қосалқы бөлімі және «Кедентранссервис» АҚ Атырау аймақтық филиалы басшысы мен қызметкерлерінің  арқасында 5 жолаушы вагоны жедел түрде жасақталып, арнайы тілсіз жаудың қоршауында қалған Құлсары қаласының тұрғындарын эвакуациялауға жіберілді. Бұл вагондар сәуір айының 21-не дейін үздіксіз Құлсары – Атырау бағытында қатынап, осы уақыт ішінде барлығы 10753 адам тасымалданды. Бұдан бөлек, жергілікті әкімшілікпен бірлесе отырып Құлсары қаласының өзіне 9 вагон азық-түлік, киім-кешек, күнделікті тұрмысқа қажетті заттар жөнелтілді», – деген ақпаратпен бөлісті «Кедентранссервис» АҚ Атырау аймақтық филиалының директоры Рсалиев Жолмырза Махсутұлы.

2024 жылдың 7 сәуірінен бастап Атырау қаласы аумағында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты темір жол көлігі арқылы қала аумағына әскери адамдар мен техникалар жеткізіле бастаған. Бүгінгі күнге дейін барлығы 335 вагон: 47 жолаушы вагоны, 1 жабық вагон, 287 жайдақ вагон, 375 техника, оның 84-і әскери, сондай-ақ, 2187 адам, оның ішінде 1794 әскери адам, 393- техника жүргізушілері келіп жетті. Жеткізілген адамдар мен техниканың барлығы Атырау станциясынан түсті. Мәселен, Атырау станциясының №27 тартым жолы 84-әскери техника мен 1794 әскери адамды қабылдап алса, Атырау станциясының АҚ «Кедентрассервис» кірме жолынан 291 вагон мен 393 техника түсірілді және «ТеңізШеврОйл» ЖШС мекемесінен қалаға барлығы 18 техника келіп жетті.  

Атыраулық теміржолшылар өз қаласын тілсіз жаудан қорғау үшін сәуір айының 3-нен бастап, жағалауды бекіту жұмыстарына белсене қатысты. Жалпы ұзындығы 3,9 шақырымды құрайтын, биіктігі 8 м болатын жасанды су бөгеті салынып, бұл жұмыстарға «Кедентрансервис» АҚ мекемесінен 1 жүк тиегіш техника және «Теміржолсу» ЖШС мекемесінен 1 экскаватор тартылды. «Атырау қаласында және Жайық өзені бойындағы ауылдық округтерде су тасқынынан қорғау мақсатында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біздің қызметкерлеріміз бүгінгі күнге дейін еріктілер қатарында жүр. Бұл жұмыстар қарқынды түрде тәулік бойы жүргізілуде және 10 мамырға дейін жалғасатын болады.

 Миллионнан миллиардқа дейінгі сомада тонналап азық-түлік жіберіп, көмек көрсеткен барлық компания, жеке кәсіпкерлер, еріктілер, қарапайым халыққа шексіз ризамыз.  Жүк көліктерімен алыс жол жүріп, басқа қалалардан көмек әкеліп, жолдың жабық болуына байланысты вагонмен жіберуге көмек сұрап келген азаматтарға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның Атырау қосалқы бөлімімен бірлесіп  «Кедентранссервис» АҚ Атырау аймақтық филиалы ұжымы да көмек беруге бар күшін салды. Осылайша, теміржолшылар «Бірлігі мықты ел озар» деген аталы сөздің бекер емес екенін  іс жүзінде айқындай түсті», – деп түйіндеді сөзін Жолмырза Мақсотұлы.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды