Белгілі теміржолшы Асқар Сәрсенбековті еске алу жиыны өтті

ҚТЖ келбеті
11.11.2024, 20:14
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ бас ғимаратындағы Орталық музейде белгілі теміржолшы Асқар Сәрсенбековті еске алуға арналған «Тағдырын теміржолмен тоғыстырған тұлға» атты дөңгелек үстел өтті. Магистральдық желі дирекциясы Адами ресурстарды басқару департаменті ұйымдастырған жиынға тарлан теміржолшымен бірге жұмыс істеген әріптестері мен ардагерлер, отбасы мүшелері қатысты.

Жиналғандар 40 жылға жуық өмірін теміржол саласына арнаған кәсіби теміржолшы Асқар Сәрсенбековтің білікті маман, бірегей басшы болумен қатар ерекше мейірімді, қамқор жан, әрі сурет өнерін хоббиына айналдырған шығармашылық иесі болғанын әңгімеледі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы Серік Кеулімжаев тарлан теміржолшының салаға сіңірген еңбегі орасан зор екенін, зейнетке шықса да өмірінің соңына дейін консультативтік кеңес құрамында болат жолды дамытуға үлесін қосып, кейінгі буын мамандарға ұстаз бола білгенін тілге тиек етті.  

1949 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген Асқар Боранқұлұлы еңбек жолын Шығанақ станциясында №4 вагон депосының дәнекерлеушісі болып бастаған екен. Сол депода 20 жыл еңбек етіп, депо бастығы лауазымына дейін көтерілген. Алматыда теміржол саласында арнаулы орта және жоғары білім ала жүріп жұбайы Бибіхан Тұрдалықызымен екі ұл, бір қызды өсіріп жеткізген. 1988 жылы Жамбыл жол бөлімшесінің бастығы, 1995-1998 жылдары Шу қаласының әкімі, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметтерін де абыроймен атқарады. 2002 жылы теміржолға қайта оралып, ҚТЖ-ның кадр саясаты департаментін басқарады. Сонымен қатар компания басшысының Солтүстік аймақ бойынша өкілі, компания президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды, өмірінің соңына дейін Ардагерлер кеңесінде қызмет етті. «Құрметті теміржолшы» төсбелгісінің иегері, «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін», «Адал еңбегі үшін» және басқа да медальдармен марапатталған.  

А. Сәрсенбеков бойындағы тума талантының арқасында қылқаламмен қайталанбас тамаша туындылар тудырып, Қазақстан Суретшілер одағына мүше болды, зиялы қауым ортасына танылған теміржолшы. Сурет өнері саласында «Құрметті дизайнер» атанып, Суретшілер одағының «Құрмет» төсбелгісін иеленді.  

Дөңгелек үстелге елге танымал қылқалам шеберлері де келіп, Асқар Боранқұлұлымен бірге әріптес болғанын, оның адамдық қасиеті жоғары, сан қырлы талантты жан болғанын айтып, естеліктерімен бөлісті. «Қазкөліккәсіп» ҚБ Астана филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев, ҚТЖ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Әлихан Қыраубаев, Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берік Айтбеков және басқа да көзкөрген азаматтар естелігімен бөлісіп, теміржолшылар музейіне сыйға тартқан шығармалары көптің назарына ұсынылды.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті