Семейде желілік полиция қызметкрлері «Ұрлық» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді

Аймақтар
25.10.2021, 09:14
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша желілік полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен теміржол нысандары мен желі бойындағы ұрлық-қарлықтың алдын алу және орын алған қылмыстарды ашу мақсатында «Ұрлық» атты жедел профилактикалық іс-шара өткізілді. Қылмыстың үлкен-кішісі жоқ. Акция барысында ұсақ бұзақылық, оның ішінде қоғамдық орындарды ластау, ішімдік ішу, шылым шегуге салынған тыйымды бұзу, жұртшылықтың мазасын алу, сонымен қатар теміржол бойындағы белгіленбеген орындарда сауда жасау сынды заңбұзушылық фактілер тексерілді. Мұнымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақыттағы бейсауат жүруі сынды келеңсіздіктерге де назар аударылды. Іс-шара барысында қоғамдық орындарда, теміржол көліктерінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатын көздеген тәртіп сақшылары жұртшылықтың құқықтық мәдениетін көтеруге де күш салды.

–Тәртіп бұзған жәнежүріс-тұрысы күдік тудырған бірқатар азаматтар бөлімшеге жеткізіліп, анықтамалық есептер бойынша тексерулер жүргізіліп, кейбір тұлғалар дактилоскопия- лау және фото-бейнесуретке түсіруден өткізілді. Мақсат – оларды криминалистикалық есепке алу, бұрын жасаған қылмыстарға қатыстылығының бар-жоғын анықтау болатын, – дейді бұл орайда Семей станциясындағы ЖПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Әбеуов.

Жалпы, мұндай акциялар бөлімше бойынша жиі ұйымдастырылады. Сондықтан да болар, өрескел түрдегі басбұзарлық фактілер тіркелген жоқ.

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты