Жамбыл темір жолында пойыздар кестеге сай кедергісіз жүріп жатыр

Аймақтар
18.01.2022, 11:45
Асхат Райқұл

Барыс жылы енісімен басталған бүлік еліміздің басым бөлігін шарпыды. Әлі де қауіпті аймақтар бар. Сондықтан 19 қаңтарға дейін елде төтенше жағдай режимі енгізіліп, коменданттық сағат бекітілген.

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі директорының міндетін уақытша атқарушы Дүйсенбек Сыдықов ең алдымен төтенше жағдай күндері пойыздардың қозғалысын шектемеуге күш салынғанын айтты. Жүк және жолаушылар пойыздарының біршама кешігулері орын алған, ол батыстағы келеңсіз оқиғаларға байланысты болғаны белгілі. Дегенмен, келеңсіздіктер теміржолшылардың өз міндетін атқаруына кедергі келтірмеді. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан батыс аймаққа баратын пойыздар сол жақтағы жағдайдың ушығып тұруына орай шыққан жоқ. Батыстан да бері қарай қозғалыс болмағаны мәлім. Ал жамбылдық теміржолшылар Қызылордадан кері қайтқан пойыздардың алпыс шақты жолаушысын Шу вокзалынан түсіріп, оларға ыстық тамақ ұйымдастырды. Біразын Алматы, Қарағанды станцияларына баратын басқа пойыздарға отырғызып жіберсе, жақын аралықтағы елге көлік жеткізіп беруге көмектесті.

Аймақ теміржолшылары Тараз әскерилендірілген теміржол күзеті қызметімен бірлесіп, күшейтілген режимде жұмыс істеген. Олар вокзалдар мен теміржолдардың қауіпсіздігіне баса мән берген. Әсіресе, Тараз, Шу станциялары мен Күркіреусу станциясының түбіндегі көпірдің қауіпсіздігіне алаңдағандарын айтады.

«Тараз желілік полиция бөлімшесі мен Әскерилендірілген теміржол күзеті жұмысын күшейтті. Меркі ауданында да бүлікшілердің белсенді болғаны рас. Сол себептен ауданға жақын орналасқан Түрксіб станциясының қауіпсіздігі назарда болды. Ал шекараға жақын Меркі, Шалдавар станцияларының аумағы біздікі болғанымен, Қырғыз елінің теміржолына қарайды. Сондықтан оларға басымызды сұға алмадық», – деді аймақ теміржолының басшысы.

Қазір ахуал тұрақталды. Пойыздар қозғалысында кешеуілдеу жоқ, барлығы кестеге сай жұмыс істеуде.

Асхат РАЙҚҰЛ

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?