Жамбыл темір жолында былтыр өндірістік жарақат болған жоқ

Аймақтар
28.01.2022, 16:53
Асхат Райқұл

Өткен жылы Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі мен магистральдық желісінде қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 13 жағдайы тіркелген: пойыздың 1 сағаттан артық кешігуі 3 мәрте қайталанса, 1 рет жолдағы қарсы келу жағдайы орын алған.

Сонымен қатар, пойыздың адамдарды қағып кету дерегі 3 мәрте, жол-көлік оқиғасы 2 рет, мал қағып кетуі 1 рет, басқа да бұзушылықтар тіркелген. Бір тәуірі, өндірістік жарақаттану деректерін төмендетуге қол жеткізілген. Былтыр бөлімшеде бірде-бір өндірістік жарақаттану орын алмағаны – еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған іс-шаралар жемісі деп бағалаған жөн.

Бөлімшеде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйін жақсарту мен тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету бағытында бірқатар іс-шаралар қолға алыныпты. Айталық, станциялар мен бөлек пункттерде 65 техникалық тексеру жүргізіліпті. 72 селекторлық кеңесте осы бағыттағы көрсеткіштер сараланып, зерделенген.

Сонымен қатар, полиция өкілдерінің, көліктік бақылаудың аумақтық органдарының, бөлімше шекарасындағы қызметтердің қатысуымен үйлестіру кеңестерінің 4 отырысы өткен. Онда бірлескен іс-шараларды өткізу негізінде бірқатар мәселелер қаралған. Сонымен қатар түсіндіру жұмыстары 810 азаматты қамтып, теміржолдардың қауіптілігі мен қағидалары туралы әңгімелер жүргізілген, жадынамалар мен бейнероликтер таратылып, теміржолдардан өту ережелері сөз болған.

Станцияларда технологиялық процестерді нормативтік-техникалық қамтамасыз ету бойынша желілік қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындау мәніне 98 жоспардан тыс тексеру жасалып, ай сайын құрылымдық кәсіпорындар басшыларының адамдардың және малдың станциялық жолдарға шығып кетуінің алдын алу тақырыбындағы тыңдаулары өткен. Стандартты емес жағдайлар туа қалған жағдайда персоналдың іс-қимылы бойынша жоспардан тыс 15 техникалық сабақ ұйымдастырылыпты.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?