Оңтүстіктегі қалпына келтіру пойызының мамандары дайындықтарын пысықтады

Аймақтар
12.04.2022, 10:43
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Пойыздар қозғалысы күндіз-түні бір тынбайтын темір жол бойында, өкінішке орай, апатты жағдайлар болмай тұрмайды. Жылжымалы құрамның жолдан шығып кетіп, вагондардың аударылып қалуы, соқтығысуы, құлап кетуі сынды қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін жағдайлар аз емес.

Шымкент-Арыс-Түркістан-Сарыағаш аралығында теміржолдың «жедел жәрдемі» қызметін атқаратын №39 қалпына келтіру пойызының құрылғанына биыл 86 жыл. Демек, темір жолдағы апатты оқиғалардың зардабын жойып, қозғалыс қауіпсіздігіне қызмет етіп келе жатқанына да сонша жыл. ВП-39 – аймақтағы пойыз апатын жоюмен қатар облыс көлемінде орын алған төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар кезінде де көмекке келетін сенімді кәсіпорын. Техникалық базасына келсек, германиялық екі жүк көтергіш кранның жүк және жолаушы вагондарын көтеретін қауқары бар. Қуаты көтергіш краннан бір мысқыл да кем емес ауыр техника – Т-330 тракторлары да қираған, бүлінген шпалдар мен рельстерді жинап, жолды тазалап, апат зардабын жоюға қабілетті, хэш гидроқұрылғысы тағы бар. Қалпына келтіру пойызының штатында бүгінде 18 адам жұмыс істейді. Олардың бәрі – он-жиырма, одан да көп жыл төтенше жағдайда жұмыс істеп шыңдалған тәжірибелі мамандар.

Жуырда ВП-39-да жылжымалы тіректерге ЕДК- 500/1 және ЕДК-300/2 крандарын орнату бойынша іс-қимылдарды пысықтау, көтергіш гидравликалық қондырғының жұмысын талдаған оқу-жаттығу өтті. Онда жұмысшы-қызметкерлердің жұмыс істеу дағдысы мен шеберлігі сыналып, ХЭШ көтергіш гидравликалық қондырғымен жұмыс бойынша практикалық сабақтар да өткізілді. Мұндай оқу-жаттығулар қалпына келтіру пойызының жұмысын шыңдап, төтенше жағдайларға дайын болуға септігін тигізері сөзсіз.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?