Шымкент бөлімшесінде жыл басынан 5 мәрте қауіпсіздік ережесі бұзылған

Аймақтар
22.04.2022, 11:01
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент бөлімшесінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша жыл басынан бері бес бұзушылыққа жол берілген. Өткен жылы дәл осы уақытта екі жағдай орын алған екен.

Алғашқы үш айдың қорытындысы бойынша теміржолдың бағалау көрсеткіші 95 балды құраған. Қанағатта-нарлықсыз жолдар 66 шақырымға жеткен.

Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің мамандары ПЧ-53 жолшыларының жұмысынан біраз кемшіліктер анықтап, ескертулер жасады. Айталық, Шымкент станциясы бойынша он күн ішінде теміржол вокзалының жолаушылар платформалары арасындағы жаяу жүргіншілер төсемінің ақауларын жою міндеттелді. Бұдан бөлек, жол дистанциясында санитарлық-профилактикалық жұмыстар жүргізілмейтіні, жұмысшылар жарақат алған жағдайлар бойынша телеграфтық нұсқаулар талданбайтыны белгілі болды және техникалық сабақтар сапасыз өткізілетіні анықталды. Арыс және Шымкент жол дистанцияларының еңбек қорғау бойынша тексерулерді де сапасыз жүргізілетіні сыналды.

Тағы бір жайт, Шымкент станциясының мазутталған жолдары тазартылмаған. Жауаптыларға белгілі уақыт берілді. Осы аралықта ПЧ-53 учаскесінде бір адамды қағып кету оқиғасы тіркелген. Жалпы НЖС-9 бойынша 17 құрылғы істен шықса, тек жол шаруашылығы бойынша тоғыз құрылғы, бес бағыттама бұрмасы істен шыққан.

Дистанция басшыларына ай сайын вагондардың тұрып қалуы, теміржол тарифі мен локомотив тартымы бойынша шығындарды есептеудің дұрыстығына талдау жасау жүктелді. Ал жолшылар жоғарыда айтылған кемшіліктерді жойып, жұмыс сапасын арттыруға міндеттелді.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?