Текесу станциясындағы құрметті теміржолшы пайғамбар жасына жетті

Аймақтар
20.05.2022, 10:58
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Текесу – Шымкент теміржолындағы мұнай өнімдерін жөнелтумен айналысатын, ең көп жүк тиелетін, қызметі аса күрделі де қауырт станция. Мұнда күніне 250-300 вагонға жуық мұнай өнімдері артылады.

Оның ішінде жанар-жағармай, керосин, газ, т.б. бар. Тәулігіне бес пойыз қабылдап, жеті пойыз жөнелтетін станцияда 51 адам еңбек етеді. Жуырда ұзақ жылдар осы станция ұжымын басқарып келген Құрметті теміржолшы Хайрулла Сәрсенов 63 жасқа толды. Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің ұжымы мен салалық кәсіподақ комитеті Хайрулла Амантайұлын мерейтойымен құттықтап, тарлан теміржолшыға құрмет көрсетті.

Хайрулла Сәрсенов – теміржолға 40 жылдан астам уақыт қызметі сіңген, білімді де білікті, аймаққа беделді азамат. Техника ғылымының кандидаты ғылыми атағын қорғаған теміржолшының Текесудай жұмысы ауыр да күрделі станцияны талай жыл басқаруында да мән бар екені даусыз. Оның іскерлік, біліктілік, кішіпейілділік, табандылық сияқты қасиеттері ескерусіз қалған жоқ. «Адал еңбегі үшін» және «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталып, Шымкент қаласының Құрметті азаматы атанған.

Х. Амантайұлы – туған қаласы Шымкенттің көркейіп, гүлденуіне де өз үлесін қосқан жан. Жиырма жыл бойы қалалық мәслихат депутаты ретінде талай игілікті де сауапты істерге мұрындық болды.

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі мен Текесу станциясының ұжымы Хайрулла Амантайұлын мерейтойымен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, иығына шапан жапты. Әріптестер теміржол бойында естелік суретке түсті.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?