Үздіктерді үлгі етті

Аймақтар
09.08.2022, 12:23
Любовь Ровба

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

Төл мереке қарсаңында Көкшетау теміржолында үздік қызметкерлер марапатталды. Ведомстволық марапаттар мен Алғыс хаттар өңірдің 188 теміржолшысына берілді.

Қаладағы «Достар» мәдениет үйінде өткен мерекелік жиында «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен 9, «Үздік маман» белгісімен 6, «Кәсібі бойынша үздік» белгісімен 8 теміржолшы марапатталса, Ұлттық компания Басқарма төрағасының Құрмет грамотасына 3 қызметкер, Алғыс хатқа 2 маман ие болды. «Үздік басшы» атағына Жаңа Есіл локомотив пайдалану депосының бастығы Константин Цой лайық деп танылды. «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» белгісі Бурабай курорты вагон пайдалану депосының инструкторы Амангелді Сарсеновке берілді. Сонымен қатар «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының марапаттары 5 адамға табысталды.

– Теміржолдағы еңбек адамының қажыры мен қайратқа толы қызметі арқасында ел экономикасының барлық салаларын дамытуға үлкен үлес қосылуда. Осы бағыттағы бізге жүктелетін жұмыстың жүгі ауыр. Себебі оның ар жағында адамдар өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі тұр, – деді Ақмола ЖТ бөлімшесінің директоры Әділхан Дәкенов. Бөлімше директорының атынан марапаттар өңірдің 126 теміржолшысына берілді.

Одан бөлек Ақмола ЖТ бөлімшесіне және магистральдық желі бөлімшесіне қарасты 357 теміржолшы «Қазақстан темір жолына 25 жыл» мерейтойлық белгісімен марапатталды.

Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл