Қазалыдағы станция жолдарына санитарлық тазалық жүргізілді

Аймақтар
27.01.2023, 10:40
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы вагон пайдалану депосының ұжымы станция жолдары мен магистраль жолағына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Теміржол торабындағы сенбілік депо басшылығы мен кәсіподақ ұйымы белсенділерінің ұйымдастыруымен қолға алынып, оған ауысымаралық және жұмыстан тыс теміржолшылар жұмылдырылды. Қазалы үлкен тораптық станция болғандықтан аймақтан өтетін барлық жолаушы пойызы аялдап өтеді. Яғни мұндағы жолаушылар нөпірі өзге бекеттерге қарағанда басым, сондықтан бекеттің тазалығын қажетті деңгейде ұстап тұру оңай емес.  

Қазалы вагон пайдалану депосының бастығы Арғын Орымбаевтың айтуынша, станция жолдарын жиі тазалап тұрмаса болмайды. Сырдың тәулік бойы тынбай ұйытқи соғатын желі жол бойын қоқысқа толтырып тастайтын көрінеді. Оған әрі-бері өткен жолаушы пойызының жолаушылары да «үлестерін» қосып, терезеден қалдық салынған пакеттерді лақтырып кетеді екен. Ол сосын желмен жан-жаққа тарайды деген сөз. Станция басы қоқыс алаңына айналмас үшін жергілікті теміржолшылар қыстың қақаған суығына қарамастан сенбілік ұйымдастырып, тазалық жұмыстарын жүргізуге мәжбүр.

 

Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты