Теміржол мекемелерінің ауласы абаттандырылды (Фото)

Аймақтар
12.04.2023, 15:54
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек табиғатының қатал болуына қарамастан теміржол мекемелерінің ауласы жаз бойы жасыл желекке бүркенеді. Бұл – әрине көктем туа жаппай көгалдандыру жұмыстарына кірісетін теміржолшылардың еңбегі.  

Осы аптада Маңғыстау қосалқы бөлімінің ұжымы сенбілікке шығып, бір күнде іргедегі бақшаға жан бітіп, құлпырып шыға келді. Бөлімнің бас инженері Қарақат Жақанов бастаған теміржолшылар ғимараттың төңірегін жылан жалағандай етті.   Ағаштарға жан бітіп, бүршік жара бастаған. Артық өскіндерін кесіп, түбін қопсытып, суарып, ақтап, айналасын тазартып, жаңа көшеттер отырғызып, жинақы қалыпқа келтірді. Мұндай жұмыстар бөлімге қарасты өзге мекемелерде де жалғасын табуда. Бөлімшеге қарасты жол, электрмен жабдықтау, белгі беру және байланыс дистанциялары, өрт сөндіру пойызы, басқа да мекемелер апта сайын сенбілікке шығып, өз ғимараттарының айналасын тазартып, тал-теректі кесіп, жаңадан көшеттер отырғызуда.  

Бөлімше директорының орынбасары Нұрболат Шалғабайдың бұл жолы көгалдандыру мақсатында 30 түп жас өскін отырғызылса, келер аптада тағы да осы көлемде көшет егу жоспарланып отырғанын жеткізді. Ендігі жолы жемісті және көрікті ағаштардың көшеттерін отырғызу қолға алатынын айтады.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл