Балалар шаттанған күн

Аймақтар
01.06.2023, 10:38
Сүретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Балалар күніне орай Атырау өңірінде бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Мақат локомотив пайдалану депосында өңірлік кәсіподақ комитетімен бірлесе машинист және оның көмекшілерінің балаларына ата-анасының жұмыс орындарын көруге мүмкіндік жасалды. 

Балаларға  әуелі темір жолдың қауіпті аймақ екені, қай жерлерде жүруге болмайды, қандай жерде рұқсат етілген, қауіпсіздікті сақтау үшін қандай талаптарды орындаулары тиіс екендігі түсіндірілді. Сондай-ақ олар депо басшылығымен танысып, локомотив бригадаларының жұмысы неден тұрады, қалай жұмыс істейді, жүк тепловозбен қалай тасымалданады, депошылардың темір жолға сіңіріп жатқан еңбегі және тағы басқа көптеген мағлұмат алды. Соңынан балаларға тәтті тағамдар мен сусындар берілді.  

Атырау сигнализация және байланыс дистанциясы бойынша Атырау, Аққыстау, Ганюшкино, Афанасьев, Исатай станциялары бойынша дистанция қызметкерлерінің аз қамтылған отбасы балаларына ойыншықтар, басқа да сыйлықтар табыс етілді. Мұнда үлкендер барлығы 35 баланың жүзіне қуаныш ұялатты.  

Атырау жол дистанциясы бойынша да 40 балаға сыйлықтар берілді. 31 мамыр күні 150 бала алдымен «Темір жол -  қауіпті аймақ» деген тақырыптағы еңбек қорғау бөлімі мамандары дайындаған арнайы шараға қатысып, кейін үлкендердің бақылауымен қаладағы «Мармелад» ойын-сауық кешенінде алаңсыз асыр салып ойнады. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Боранбай Қамиевтің атап өткендей мұндай сыйлықтар беру, ойындар ойнату шаралары аймақтың темір жол саласындағы барлық мекемелерінде өтіп жатыр.  

Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?