Ерекше форматтағы мереке

Аймақтар
01.06.2023, 10:57
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Кішкентай балақайларға ерекше көңіл-күй сыйлап, олардың қуанышын еселеу мақсатында сырбойылық теміржолшылардың Балаларды қорғау күні қарсаңындағы мерекелік шаралар түрлі форматта өткізіліп жатыр.  

Осындай ойда қаларлық сипаттағы игі іс Облыстық мәслихат депутаты Батырхан Базарбаев басқаратын Қызылорда қосалқы бөлімінде, аудандық мәслихат депутаты Арғын Орымбаев басшылық жасайтын Қазалы вагон пайдалану депосында және Аманкелді Кубенов басқаратын Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында жалғасын тапты.

Бөлімдегі көп балалы, бақылауды қажет ететін бала тәрбиелеп отырған отбасыларының ата-аналарымен кездескен Батырхан Базарбаев бұл ата-ананың балаларға қуаныш сыйлайтын мерекемен қатар балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мейрам екенін тілге тиек етті. Кездесу барысында бала тәрбиесіндегі, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі үшін бірнеше қызметкерге басшының қолынан алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

Халықаралық балаларды қорғау күні шарасын "Жас теміржолшы" челленджіне өзіндік үн қосу форматында өткізген Қазалы пайдалану вагон депосының теміржолшылары да балалардың есінде қалар мереке сыйлады.  

– Еңбек ұжымында эмоционалды-мерекелік көңіл күй қалыптастыруды мақсат еткен шарада теміржолшы формасын киген балақайлар техникалық сабақ өтетін кабинетте вагон құрамының макеттерімен танысты. Пойыздардың жүріп-тұруы жайлы, қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы туралы толық ақпараттар алып депо басшылығы мен ата-аналарының жұмыс істейтін орындарымен танысты. Балдырғандардың вагон қараушы, станция кезекшісі, жолшы, тіпті жолсерік болып киінуінің өзі олардың бұл мерекені ерекше құрметтеп, сағына күтетіндіктерін білдіргендей. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Мереке қарсаңында өсіп келе жатқан жас ұрпаққа теміржолдың жұмысы туралы, оның адам өміріне қауіпті аймақ екені, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, жас өркенге мерекелік көңіл күй сыйлаған депо ұжымы шара соңында балаларды мерекелерімен құттықтап, арнайы дайындалған сыйлықтар тарту етілді,-дейді депоның кәсіподақ ұйымының жетекшісі Бақытжан Ибраиым.

Ал, Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы 80 балаға жеміс-жидектермен толтырылған айрықша себеттер әзірлепті. Балаларға тарту етілген сый-сияпаттар мекеме басшыларының қолдауымен, кәсіподақ ұйымдарының әзірлеуімен үлестірілді.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда