«100 жас есім»: Ақтөбелік жас теміржолшылар игі істерге мұрындық болуда

Аймақтар
26.06.2023, 12:08
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«100 жас есім» жобасы қанат берген ақтөбелік жас теміржолшылар игі істерге мұрындық болуда. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар тазалық акциясы мен қайырымдылық шараларын бастады.    

«Ақтөбеден 14 жас теміржолшы Түркістан қаласында өткен бірінші модульге  барып келді. Қазіргі күні үй тапсырмаларын орындап жатырмыз. Оның ішінде қоғамдық жұмыс, қайырымдылық шара, челлендж өткізу секілді 10-12 бағытта жұмыс жүргізетін боламыз», – деді жобаға қатысушы Ақтөбедегі пойыздарды басқару орталығының диспетчері Қайыржан Мәдиев.  

«100 жас есім» жобасының арнайы уақыты – екі жыл. Осы уақыт ішінде төрт-төрт модульден өтеді. Түрлі тренинг, тапсырма, жобалар жасалып, жастар кәсіби де, рухани да тұрғыда жетілуі көзделеді.    

«Ақтөбе байланыс және көлік коммуникациялар колледжіне барып, студенттермен кездестік. Темір жолдағы жұмыс, елдегі жастар саясаты, жас мамандарға жасалған мүмкіндіктер сөз болды. Ұлттық компания тарапынан жастарға жасалған қамқорлық жөнінде айтылды. Бұл болашақ теміржолшыларға ерекше әсер етті», – деді жоба қатысушысы, Жедел реттестіру жұмыстары жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Әнуар Иштаев.  

Сонымен қатар осы жастардың бастамасымен теміржолшылар арасында шағын футбол ұйымдастырылып, оған бес команда қатысты. Үздік командалар мен мықты ойыншылар марапатталды. Қазіргі уақытта «100 жас есім» жобасының жеңімпаздары жергілікті телеарналарға сұхбат беріп, теміржолшылардың жұмысы туралы, жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндап жүр. Ұйымдастырылған бастамалар тек теміржол төңірегімен шектелмей, қалаға, қоғамға үлес қосу мақсатында жастар Ақтөбе су қоймасына барып тазалық сенбілігін жүргізді.  

«Алдағы мақсат – қайырымдылық шарасын ұйымдастыру. Бұл – түптеп келгенде қоғамдық жоба. Ел назарын аударуға лайық, игі ісі жұртқа үлгі боларлық жастар таңдалып, олардың ашылмаған қырлары көрініп жатыр. Халық алдында емін-еркін сөйлеп, өз ойын жеткізе алатын лидерлер қалыптасып келеді», – деді Ақтөбе жол бөлімшесі белсенді жастар жетекшісі Дархан Әнуаров.  

100 жас есім жеңімпаздары қазір шілде айында өтетін екінші модульдік оқуға баруға дайындық үстінде.

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды