Қызылорда станциясы жоспарды артығымен орындап келеді

Аймақтар
29.08.2023, 10:12
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясы – өндірісі ауқымды, соған сай жұмыс көрсеткіштері әрқашан жоғары, аймақтың жүгін көтеріп тұрған негізгі станцияның бірінен саналады. Әрине, көрсеткіштердің асыра орындалуы теміржол көлігін пайдаланушылардың саны мен тасымалдағы жүк көлемінің артуымен қатар, жүк операциялары сапалы атқарылып, құжаттардың кәсіби деңгейде рәсімделуіне де байланысты екені анық.

Станция ұжымы биылғы жылды да табысты қорытындылауға мүдделі, оған барлық алғышарт бар көрінеді. Бірінші жартыжылдықта, мәселен 762 вагонға жүк тиеу межесі 1651 вагонға жеткізіліп, жоспар 216,67 пайызға орындалса, 49969 тонна жүк тиеу жоспары 107872 тоннаға жеткізіліп, 215,88 пайызға асыра орындалған. Осылайша, өндірістік жұмыс көрсеткіштері 101,07-216,67 пайыз аралығында орындалып, көш басынан көрінген станциялықтар бүгін де сол деңгейден төмендеген жоқ. Мұның бәрі бекеттегі теміржолшылардың кәсібилікке негізделген еңбегі, күнделікті тапсырмалардың шебер ұйымдастыра білуінің нәтижесі болса керек.  

– Әр ауысым сайын күнделікті атқарылған өндірістік жұмыстардың есебі тыңдалып, атқарылатын жұмыстарға сараптама жасалады. Станцияда еңбек ететін теміржолшылардың дені он-он бес жыл тәжірибесі бар кәсіби мамандар. Сондықтан әрқайсысы өздеріне бекітілген жұмыстардың жауаптылығын терең сезініп, кемшіліксіз жұмыс жасауға тырысады. Біздер осы жұмыстардың уақытылы, талапқа сай орындалуын қадағалап отырамыз. Күнделікті бақылау мен кәсіби жауапкершілік нәтижесінде өз міндетіміздегі жұмыстарды асыра орындауға мүмкіндік алып отырмыз, – дейді Қызылорда станциясының бастығы Қайрат Жанкелдіұлы.  

Жалпы, Қызылорда станциясы ежелден аймақ теміржолы үшін кадрлар ұстаханасы ретінде танылған. Себебі жан-жақтағы ірілі-ұсақты станцияларды басқаруға Қызылордада еңбек етіп, тәжірибе жинаған теміржолшыларды тағайындау үрдісі болған көрінеді. Қазіргі таңда басты бекетті тәжірибелі теміржолшы, өз ісінің шебері Қайрат Төрединов басқарып, барлық жұмыстардың ретімен атқарылуын ұйымдастырып келеді. Бүгін де станциядағы бірқалыпты жұмыс ырғағы, бекеттегі қым-қиғаш қозғалысты реттеп отырған кезекшілер мен пойыз құрастырушылардың шапшаң қимылы, жүк қабылдап тапсырушылардың, тауар кассирлерінің ширақ та сауатты іс-қимылына куә болып, аймақтағы облыстық деңгейдегі басты бекеттің тірлігіне еріксіз тәнті болып аттандық.  

Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды