Биылғы Жолдаудың теміржолшылар үшін маңызы зор

Аймақтар
08.09.2023, 10:01
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы теміржолшылар қауымының қоғамдық-саяси өмірі де белсенділікке толы. Республика көлеміндегі маңызды саяси оқиғалар назардан тыс қалмайды. Бұл орайда «Аманат» бастауыш партия ұйымының ұйытқы болуымен түрлі іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады.

Жуырда семейлік теміржолшылар қауымының басын қосқан ерекше жиын өтті. Аталған басқосудың кіріспе сөзін бөлімше бойынша бастауыш партия ұйымының төрайымы Айгүл Берікболова алғысөзбен ашып, жуырда балып откен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жайында сөз өрбітті. Сонымен қатар арнайы баяндама жасау үшін сөз кезегін Семей жол дистанциясының директоры, партия белендісі, Құрметті теміржолшы Рахат Ботаспаевқа берді. Ал ПЧ-39 басшысы өз кезегінде «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте жасалған Президент Жолдауы жайлы келелі пікір білдірді.

– Биылғы Жолдаудың теміржолшылар қауымы үшін, жалпы көлік қызметкерлері үшін маңызы зор. Себебі еліміз бойынша Президенттің пәрменімен Көлік министрлігі қайта құрылып, жұмысын бастады. Осы сынды аса өзекті мәселелер кезек күттірмей орындауды талап етеді. Оның ішінде Мемлекет басшысының еліміздің логистикалық әлеуетін арттыру жайындағы бастамалары да біздің басты назарымызда болып отыр. Бұл орайда біздің алдымызда жаңа теміржол телімі, елімізді Қытаймен жалғайтын Аягөз – Бақты теміржолын салу сынды жауапты да күрделі міндет тұр, – деп атап өткен Рахат Нұрғазыұлы Жолдауда атап көрсетілген тағы да бірқатар басымдықтар жайын сөз етті.  

Сонымен қатар жиын барысында Семей вагон пайдалану депосының технигі Ерлан Қарамұрза, бөлімше диспетчері Жанат Сүлейменова да сөз алып, Жолдау басымдықтары жайында көпшілік алдында ой бөлісті.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті