Қазалыда жыл үздіктері анықталды

Аймақтар
04.03.2024, 11:46
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің Қазалы жол дистанциясының ұжымы былтырғы жылдың қорытындысын салтанатты түрде атап өтіп, онда «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов жыл үздіктерін марапаттады.  

Бұл дистанцияның жолшылары Жосалы – Аралқұм станциялары арасындағы телімдерде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау үшін жолдардың күтімін жасап, технологиялық талаптың сақталуын бақылайды.  

Телімдер арасындағы жыл қорытындысының нәтижесінде 4-орын жасанды құрылыс бөлімі, 3-орынды 3-өндірістік телім, 2-орынды 4-өндірістік телім, 1-орынды 5-өндірістік телім жеңіп алды. Оларға қаржылай сыйлық тапсырылды.  Жол жөндеушілер Нұрлыбек Ақышев, Бақберген Ерханов, Мирамбек Бөлекбаев, жол шебері Нұрадин Құлманов, көпір жөндеуші Бимырза Сүюбаев, инженер технолог Жадыра Жалғасбаева, телім бастығы Шынберген Ерханов, машинист Тоқтарбек Алданышов, бөлім бастығы Асылбек Оспанов, техник Гүлнәзия Ташмағамбетова жыл үздігі деп танылды. Сонымен қатар өткел кезекшілері, өлшеу шеберлері, жол жөндеушілер мен шеберлер арасында да таңдау жасалып, 32 адам дистанция бастығының құрмет грамотасымен марапатталды.  

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды