Теміржолшы-зейнеткер вокзалдарды аралап, әріптестеріне бата берді

Аймақтар
19.03.2024, 12:03
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбелік теміржолшы-зейнеткер Жұмабай Отарғалиевті қазақстандықтар жақсы таниды. Қазақстанды велосипедпен айналып шыққан ақсақал Наурызда теміржол мекемелерін аралап, әріптестеріне бата беріп, елге амандық тіледі.

Амал мерекесі күні сенімді серігі велосипедіне мінген қария Ақтөбедегі теміржол басқармасы, деполар мен вокзалға барып, теміржолшыларды құттықтап, бата берді.  

«Наурыз мерекесі биыл өзгеше тойланып жатыр. Он күн бойы дәстүріміз жаңғырып, ежелгі құндылықтарымыз насихатталуда. Елдің ырысы мол болсын, бейбітшілік заман болсын», – деді ардагер Жұмабай Отарбаев.  

Теміржолшы-зейнеткер облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Қазір ол компьютер үйреніп, ағылшын тілі курсына қатысып жүр. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіндегі «Күміс университеті» жобасының белсенді қатысушысы. Күнде 50 жастан асқан азаматтарға арналған тегін курстарға барады. Цифрлық сауаттылық, шетел тілі және емдік дене тәрбиесі деп аталатын үш курсты таңдаған.  

«Ілім-білім үйрену қай уақытта да кеш емес. Керісінше, сенімділікті арттырады» дейді ардагер.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты