Қызылорда облысының төрт тұрғыны Қазалы станциясының теміржол вокзалының перронында орналасқан дәмхананың есігін тепкілеп, қызметкеріне қатысты балағат сөздер айтқан, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Құқықбұзушылар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен әрқайсысына 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары көлік кешені нысандарының, соның ішінде теміржол вокзалдары, перрондар мен жолаушылар пойыздарының қоғамдық орын болып саналатынын еске салды.