Шыңдалу мектебі

Аймақтар
24.12.2024, 09:03
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің ұсынысымен Қазалы станциясында өткен семинар белгі беру-байланыс саласының мамандары үшін нағыз шыңдалу мектебі болды.

Семинар тақырыбы дистанциялықтардың күнделікті жұмысына арналды. «Кіріс сигналын бақылау дағдыларын жетілдіру, техникалық қызмет көрсету, сигналдық құрылғыларды есепке алу, авариялық, қалпына келтіру және пайдалану резервтерін ұстау дағдыларын жетілдіру және РТУ бақылау-өлшеу аспаптары мен бақылау жабдықтары қызметкерлерінің тәжірибе алмасуы» төңірегінде өрбіген семинарды бөлімше директоры Ербол Сәулебеков ашып, Қазалы сигнализация және белгі беру дистанциясының бастығы А.Дінахметов мекемедегі атқарылған жұмыстарға шолу жасады. Ал оның орынбасары Ж.Досжанов СОБ құрылғыларының модернизациялау деңгейі, МПЦ, «Ebilok», «Альстом» электрожетегі жұмысына шолу жасап, АСУ-Ш автоматтандырылған жүйесінде СОБ құрылғылары сигналдарын есепке алу қалай жүргізілетінін түсіндіріп өтті. СОБ, КТСМ мен радио байланысын модернизациялануы, еңбек жағдайын жақсарту мақсатында теміржолшыларға керекті жап-жаңа модульдердің пайдалануға берілгені, т.т жаңашылдықтар сөз болды.  

Сонымен қатар қатысушылар назарына Қызылорда және Қазалы ШЧ мамандары дайындаған «Нөлдік жарақат», «Vizion-Zero» 7 алтын ережесі», «СОБ құрылғысын тексеру реттілігі» тақырыбындағы баяндамалар ұсынылды. Аға электромеханик Н.Бурашевтің «Кіріс бақылауы» бейнеролигі көрсетіліп, «Қазалы ШЧ жедел резерві», «Құрылғыларды есепке алу, пайдалану» тақырыбындағы слайд-презентациялары да көпшіліктің назарын аударған дүниелер болды.  

Жалпы семинар мектебінде қос дистанция тынысымен жан-жақты танысып, пікірлескен мамандарға күн тәртібінде қарастырылған тақырыптар толық талқыланып, түсіндірілді.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады