Жамбыл облысында электровоз жөндеу депосы салынып жатыр

Аймақтар
25.12.2024, 11:58

Жамбыл облысында келер жылы электровоз жөндеу депосы іске қосылады. Қазір нысан құрылысы 80% аяқталған, деп хабарлады 24.KZ телеарнасы.  

Жоба жүзеге асқан жағдайда жылына 200 электровоз жөндеуге мүмкін болады.  Шу ауданы Қытай, Ресей мен Еуропаны жалғап жатқан шойын жолдың қиылысында орналасқан. Сондықтан да электровоз жөндеу депосы осында салынады. Қазір нысанның сыртқы жұмыстары аяқталып, құрылысшылар жөндеу цехтарын құрып жатыр. Мұнда 20 техника мен 150 адам жұмылдырылған. Жалпы ғимарат құрылысына 700 тонна метал қолданылды. Құрылыс материалдарының барлығы отандық өндірістен алынды.  

«Ғимараттың астында 698 дана свай қағылған. Қалғаны монолит. Жалпы 6 қадасы негізгі магистральдық жолға қосылды. 6 бағыттамасы бар. Оның төртеуі осы негізгі депо нысанының ішінде орналасқан. Сыртында екі теміржол орналасқан», - дейді құрылыс компаниясының инженері Абзал Көкек.

Жобаның жалпы құны 4 млрд теңгеге жуық. Депо әкімшілік бөлік, жөндеу цехы мен гараж сынды 3 бөліктен тұрады. 1400 кубқа шақталған резервуары мен сорғы станциясы бар. Өзіндік өртке қарсы жүйесі жасалған. Жоба басшылығы техникалық жөндеу орталығын келер жылдың наурыз айында қолданысқа беруді жоспарлар отыр.  

«Электровоз вагондар көп уақыт жүргеннен кейін дөңгелектері майысып тозатын уақытқа дейін жетеді. Соның бәрін үшкірлеп түзулейтін білдек Испаниядан келеді. Қалған көтеріп вагонды шашып құрастыру құрылғылары Финляндиядан келеді. Электрический заттар Италиядан келеді», - деді жоба басшысы Ерлан Жұмаділов.  

Жоба авторы – франциялық инвесторлар. Олар республика көлемінде дәл осындай 4 орталық салмақ. Оларда 450 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл