Электровоз жабдықтарын тарту етті

Аймақтар
30.01.2025, 09:13
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі Тараз  көлік және коммуникация колледжіне электровоз жабдықтары мен аппараттарын тапсырды.

Колледж директорының оқу-өндірістік ісі бойынша орынбасары Жеңіс Тайбеков әлеуметтік серіктестің қайтарымсыз берген электровоз жабдықтары мен аппараттары колледждің материалды-техникалық базасын толықтырғанын жеткізді.  

– Жамбыл локомотив пайдалану депосы басшысының міндетін атқарушы Мәди Қонысбаев әкеліп тапсырған жабдықтар студенттеріміздің заманауи технологияларды толық меңгеруіне мүмкіндік береді, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің маңыздылығын арттыруға бағытталған маңызды қолдау болды, – деді ол.  

Теміржол саласын орта буын мамандармен қамтамасыз етіп отырған кәсіптік білім беру мекемесінің әлеуметтік серіктесі болып табылатын  Жамбыл ЖТ бөлімшесі колледжге жиі көмек қолын созып, қолдау көрсетіп келеді. «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай қос тарап екіжақты меморандум жасасқан болатын. Онда студенттердің білім беру бағдарламасын толық игеру үшін қажетті қолдау көрсету туралы тармақ қарастырылған. Нәтижесі студенттердің теориялық білімдерін практикалық дағдылармен ұштастыруға мүмкіндік береді.  

– Бөлімше басшысы Айдын Сеитбенбетовтің ұсынысымен колледжге практикалық дәрістерде қолдану үшін электровоз жабдықтарын бердік. Оқу орнының еңбек нарығында сұранысқа ие, техникалық және кәсіптік білімі бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау миссиясына қолдау жасау – әлеуметтік серіктес ретінде біздің міндетіміз, – дейді Жамбыл локомотив пайдалану депосының бастығы Мәди Қонысбаев.

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды