«Жолшы кәсібімен мақтан» республикалық семинары өтті

Аймақтар
17.04.2025, 10:35
Оқуға 2 мин

Алматы қаласында «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ның Жолдар мен құрылыстар департаменті директоры Арман Бубикановтың бастамасымен «Жолшы кәсібімен мақтан» атты республикалық семинар өтті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Үздіктер алаңы» корпоративтік дамыту бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған тәжірибелік семинарға барлық өңірден Магистральдық желі бөлімшелері филиалдарының қызметкерлері мен Жол дистанцияларының бастықтары, болашақ жолшы мамандар қатысты.

Семинарға қатысушыларға теміржолдың абыздары  Қалтай Сәмбетұлы, Қуаныш Естемесұлы ақ батасын беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Ардагер мамандар өз сөздерінде жолшылар – саланың ең маңызды кәсіп иелері екенін атап өтіп, маңызды мәселелерді тілге тиек етті. Саналы ғұмырын шойын жолдың бойында өткізген аға буынның теміржолдың бүгіні мен ертеңіне жанашырлығы сезіліп тұрды.

«Жұмысшы мамандықтар жылында» жолшы кәсібіне көңіл бөлініп жатқаны, әрине, бізді қуантады. Қысы-жазы жол бойында жүретін жолшыларға жүктелетін жауапкершілік қашанда жоғары. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, пойыздардың жылдамдығын арттыру үшін күн-түн демей еңбек етеді. Бұл нақты есепті қажет ететін, қателесуге болмайтын кәсіп.  

Қазіргі уақытта салаға енгізіліп жатқан жаңалықтар көп. Ал оны іске асыру, тәжірибеге енгізудің тетіктері қандай? Қатысушылар семинардан не алды? Біз ашық диалог алаңында ой-пікірлерімізбен бөлісіп, SMMART жұмысты жоспарлау критерийлері бойынша жобамызды ұсындық. Туындаған күрделі жағдайдан шығу жолдарын талқыладық.

Жалпы семинардың өндіріске, жеке дамуымызға пайдасы көп болды. Әдістемелік кеңес берілді.  

 

Дәулетбек Несіпбекұлы,

ПЧ-51 Жамбыл жол дистанциясының бастығы

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды