Жамбыл облысында бес вокзал күрделі жөндеуден өтеді

Аймақтар
17.04.2025, 14:55
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл темір жолына қарасты вокзалдардың бесеуі биыл күрделі жөндеуден өтеді. Олар – Тараз, Шу, Түрксіб, Боранды және Отар вокзалдары.

Жақында Жамбыл облысы әкімдігі Көлік министрлігімен бірлесіп, өңірдегі күрделі жөндеуден өтетін теміржол вокзалдарының тізімін бекітті. Оған енген жоғарыдағы вокзалдар толықтай жаңартылып,  ғимараттары жаңғыртылады.

–  Жобаны қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бұл өңірдегі көлік инфрақұрылымын жақсартуға және теміржол нысандарында жайлы жағдай жасауға бағытталған. Соның нәтижесінде жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік туады. Күрделі жөндеу жұмыстары шеңберінде вокзал аумақтары да абаттандырылады, - дейді облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.

Негізі 2025 жылы Шу вокзалын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. Енді бекітілген тізімге сәйкес тағы төрт вокзалға жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Көлік министрлігі қолға алып отырған ауқымды жобалар қатарындағы шара.  

Жалпы Жамбыл өңіріндегі вокзалдардың 2-еуі 1-класты, 2-еуі 3-класты, қалғаны жалпы қолданыстағылар. Былтыр вокзалдар 661 мың адамға қызмет көрсеткен. Тек Тараз вокзалы арқылы тәулігіне 24-25 жолаушылар пойызы қатынайды. Оның 4-еуі халықаралық бағытта.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды