Өрт ошағы туындамасын десек...

Аймақтар
23.04.2025, 14:33
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі жуырда ғана кәсіби мерекелерін атап өтті. Түбек теміржолында бұл қызметтің өз алдына дербес шаңырақ көтергеніне биыл он жыл. Сан мәрте қайта құрылымдаудан өтсе де кәсіби міндеті өзгеріссіз қалған мекеме мамандары биыл да өрт қаупін туындатар талай қатерді тұсаулап, жолын кесті.    

Осы жылғы бірінші тоқсан ішінде Маңғыстау мемлекеттік емес өртке қарсы қызметкерлері жалпы саны 184 (2024 ж. – 101) нысанның өрт қауіпсіздік жағдайын тексерді. Оның барысында 158 бұзушылықты анықталып, тиісті шара қабылданды. Айта кетерлігі, тексеріс саны көбейген сайын ондағы анықталған деректер де арта түскен.  

Ал енді биылғы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілеріне тоқталсақ, олар өрт сөндіргіштер бойынша, автоматты өрт сөндіру құрылғысының  жарамсыздығы немесе жабдықталмағандығы, автоматты өрт дабыл қаққыштың жарамсыздығы немесе жабдықталмағандығы, жылыту пештерінің ӨҚ ережесіне сәйкес еместігі, сондай-ақ тоқ жүйесіндегі, бұзушылық апаттық шығу жолдарындағы кемшіліктер. Бұдан басқа да өртке қауіпті бірнеше пункт бойынша бірқатар дерек тіркелген. Олар – жылыту жүйесі мен сумен өрт сөндіру жүйесінің жарамсыздығы, автоматты өрт дабылқаққыш жүйесіне техникалық қызмет көрсетілмеу, жылыту пункттерінің ішкі жағы жанғыш материалмен қапталуы, өртке қарсы режимнің сақталмауы және басқа да олқылықтар.

– Кейде елеусіз ғана бір кемшілік болуы мүмкін. Бірақ мәселе өрт қауіпсіздігі туралы болғандықтан оны үлкен-кіші деп қарауға болмайды. Байқалмайтын бір олқылықтан үлкен өрт шығып кетпесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Өрт – тілсіз жау, одан тек сақтансаң сақтайды. Осы мақсатта біз тексерістер барысында әрбір детальді мұқият қарап, ешнәрсені қалт жібермеуге тырысамыз. Анықталған кемшіліктер бойынша қажетті шаралар қолданамыз. Мәселен осы тоқсанда сондай жайттарға қатысты 10 ескерту парағын бердік. Соның ішінде нысанға 7, тоқтан ажырату бойынша 1, қызметтік-техникалық вагонға 2 ескерту парағы берілді. Сонымен қатар тағы бір айта кететін нәрсе, былтырғы бұл мерзімде бірде бір жолаушылар пойызы тексерілмеген еді. Биыл жалпы 2/3 (жолаушылар пойыздары/вагондарын қарап, 1 бұзушылықты таптық. 3 (2024 ж. – 0) локомотивтен  4  бұзушылық анықтадық. 36 арнайы жылжымалы құрамнан тек 1 кемшілікті кездестірдік. 7 (2024 ж. – 0) қызметтік-техникалық вагонда 8 (2024 ж. – 0) бұзушылықты тіркедік. Мәселе тек кемшін тұстарды тауып, шара қолданумен ғана бітпейді. Бұл үшін теміржол қызметкерлерінің тиісті біліктілігі болуы өте маңызды. Сондықтан 189 жұмыскерге өрт қауіпсіздік нұсқауы өткізілді. 2024 жылғы есептік мерзімде небәрі 120 адамды қамтыған едік. Сондай-ақ 4 рет оқу-жаттығу да өткіздік. Осындай жұмыстардың жемісі десек болар, аталған мерзім ішінде бірде бір өрт оқиғасы тіркелген жоқ. Өрт ошағы туындамасын десек, оның алдын алу, сақтандыру нұсқамаларын бұлжытпай орындап, ұдайы профилактикалық жұмыстар жүргізген жөн, – дейді  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Қайырхан Таласов.  

Орайы келгенде айтып өтсек, 2022 жылдан бастап Маңғыстау мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің құрамынан шығып, Көпсалалы қызмет көрсету орталығы филиалының қосымша штатына өтті. Қазіргі негізгі міндеті өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізу, нысандар, жылжымалы құрамалардың өрт қауіпсіздік жағдайын тексеру. Ал мекеменің еншісінде болған Өрт сөндіру пойыздары бұрынғыша Магистральдық желі бөлімшесінің  құрамында қалды.  

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды