Теміржолшылар экологиялық акцияға үн қосты

Аймақтар
28.04.2025, 16:05
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты Қазалы вагон пайдалану депосының теміржолшылары өткен сенбіде жеті бірдей станцияда бір мезгілде сенбілік ұйымдастырып, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына үн қосты.

 Ел аумағындағы экологиялық мәдениетті арттырып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейтін маңызды бастамаға орай депоның барлық станциясындағы техникалық қызмет көрсету пункттерінде  бір мезетте сенбілік жұмыстары үйлестіріліп, өздеріне жүктелген аумақта ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді.

Қоғамдық жұмыстарға белсене араласу – Құрметті теміржолшы Арғын Орымбаев басқаратын Қазалы вагон пайдалану депосы ұжымының басты ерекшеліктерінің бірі. Олар үнемі өңірде өтетін түрлі шаралардың алдыңғы қатарында жүріп, белсенділіктерімен ерекшеленеді. Бұл жолы да Қазалы, Сексеул, Арал теңізі, Төретам, Жосалы, Қызылорда және Шиелі бекеттерінде бір мезгілде басталған сенбілік аясында қыруар жұмыс атқарды: теміржол бойындағы бекітілген аймақтар мен депо ауласы, жан-жағы күл-қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазаланып, тал-дарақтардың түбі қопсытылып, арықтар аршылды.    

Бұл сенбілік тек экологияны жақсартуға ғана емес, ұжымның бірлігін нығайтуға да бағытталған. Вагон қараушылардың барлық станцияда бір уақытта жұмысқа кірісуі – теміржолшылар арасындағы ауызбіршіліктің, тиянақтылық пен еңбекке деген адалдықтың нақты көрінісі болды. Бұл бастама – тек Қазалы вагон пайдалану депосы үшін ғана емес, жалпы өңірдегі барлық теміржол мекемелері үшін өнеге боларлық іс.

«Біздің депо ұжымы үшін сенбілік өткізу қалыпты жағдай. Әсіресе көктем мен күзде тазалық жұмыстарына белсенді атсалысамыз. Бұл жолы ойласа келе барлық пунктте бір мезгілде өткізуді жоспарладық. Әрине мұны мақтан үшін емес, үлгі болу үшін жасаймыз», – дейді депоның цехком төрағасы Бақытжан Ибрайым.

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды