Қозғалыс қауіпсіздігі мен тасымал мәселесі басты назарда

Аймақтар
23.06.2025, 16:34
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Нормативтік-құқықтық құжаттарды дұрыс рәсімдеу, тасымалданатын жүктердің сақталуы, көліктегі кеден қызметі, ақпараттық жүйелер, тарифтік саясат мәселелері – пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей әсер ететін негізгі факторлар. Осы жұмыстар қалай жүйелі жүргізілуі керек?  

Тараз қаласындағы «Достық» үйінде өткен республикалық семинар-тренингте осы мәселелер талқыланды. Жиынды ашып берген «ҚТЖ – Жүк тасымалдау» ЖШС «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалының директоры Айдын Сеитбенбетов семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Ұйымдастырылған іс-шараның маңыздылығына тоқталды.

«Қазақстан теміржолы – Жүк тасымалы» ЖШС-нің жүк және комерциялық жұмыстар департаментінің бас менеджері Ержан Гаипов, аталған департаменттің Сақталмаған тасымалдар бойынша талаптарды реттеудің функционалдық бағыты басқармасының бас менеджері Лаура Алатаева, Жүйелік жобалар департаментінің жүйелік жобаларды функционалдық талдау бағытының менеджері Мария Жангиреева баяндама жасап, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде алдын ала профилактикалық жұмыстарды жүргізуді күшейту, нормативтік-құқықтық құжаттарды ресімдеу жолдарына тоқталды. Мамандар тасымалданатын жүктердің сақталуы секілді тақырыптарды да кеңірек қамтып өтті.

Сондай-ақ тарифтік саясат департаментінің бас менеджерлері Зәбира Ахажанова, Наталья Байғазина, Гүлмира Қуанова теміржол арқылы жүк тасымалының тарифтік саясатындағы өзгерістер мен жаңалықтар туралы айтып өтті.

Көліктегі кеден ісі қызметінің бас менеджері Бибігүл Насырова, жүктермен коммерциялық жұмыс департаментінің жүк жұмысын тексеру тобының менеджері Жанбек Тусупаев, жүктермен коммерциялық жұмыс департаментінің тасымалдау шарттары жөніндегі топ менеджері Елена Сатыбалдина жүк тасымалы бөлімшелері филиалдарындағы кедендік қызмет мәселелерінде кездесетін түйіткілдерге тоқталды. Ақпараттық жүйелермен жұмыстың жайы да қозғалды.  

Алғашқы теориялық бөлімде спикерлер Жүк тасымалы бөлімше филиалдарында құжат ресімдеуде туындайтын проблемаларды талдап-саралап берді. Семинар-тренингтің практикалық бөлімінде осы түйіткілдердің шешімін табу жолдарын бірлесе талқыға салды.  

Сұрақ-жауап форматында өрбіген семинардың станция басшылары мен жүк тасымалына қатысты құжаттар ресімдеумен айналысатын мамандар үшін берері көп болды.

Екі күнге созылған семинарда қатысушылар теориялық білім базасын толықтырып, практика жүзінде туындайтын жағдаяттық жайлардың шешімін іздеп, талдау-сараптама жасады.

Республикалық семинар-тренингке қатысушылар келесі күні Тараздың тарихи-мәдени нысандарын аралап, экскурцияға шықты.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады