Қазалыда кешенді комиссиялық байқау ұйымдастырылды

Аймақтар
24.06.2025, 08:59
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда өңіріндегі Қазалы станциясында желілік құрылымдардың басын қосқан оқу-көрсетілімдік байқау өтті. Оған аймақтағы барлық мекемелердің басшылық құрамы мен жауапты мамандары қатысты.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Саулебеков жетекшілік еткен айлық комиссиялық байқауда Қазалы станциясының жол шаруашылығы, сигнализация және байланыс жүйелері, жүк және коммерциялық сала, қозғалыс қауіпсіздігінің жайкүйі т.т. теміржол саласының түрлі бағыттарын қамтитын кешенді тексеру жұмыстары жүргізілді. Станция бастығының орынбасары Руслан Мақашев ДУ-46 айлық тексеріс нәтижесінің толтырылуын көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.  

Қазалы станциясы – аймақтағы маңызды тораптық станциялардың бірі. Мұнда тәуліктік пойыз қозғалысы мен жүк тасымалы үздіксіз жүретіндіктен станцияның өткізу қабілеті жоғары деңгейде сақталады. Осы бағыттағы жұмыстарды сапалы ұйымдастыру – теміржолшылардың кәсібилігіне тікелей байланысты.  

Оқу-көрсетілімдік байқау болған соң әрине, тексеріс барысында жиналғандар өзара тәжірибе алмасып, штаттық және төтенше жағдайларда әрекет ету тәсілдерін пысықтады. Жол мастері, кезекші оператор, пойыз қабылдап-жөнелтуші және вагон қараушыларға дейін түгел қамтылған комиссиялық байқау сала мамандарының кәсіби білімдерін жетілдіріп, шеберліктерін шыңдаудың тағы бір мүмкіндігі болғаны анық.  

Комиссия мүшелерінің пайымдауынша, көрсетілімдік байқауға таңдалынып отырған Қазалы станциясының жоғары еңбек өнімділігі ең алдымен ұжымының ұйымшылдығы мен темірдей тәртіпті ту еткен жауапкершілігінде. Олар аталған тексерістің жұмыс тәжірибесін жетілдіруге, нұсқаулық талаптарын нақты түсінуге және қауіпсіздік шараларын терең меңгеруге ықпал еткенін жеткізді.  

Комиссия мүшелері жол шаруашылығы, байланыс, белгі беру және электрмен жабдықтау саласында көп кездесетін кемшіліктер туралы көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қос бөлімшенің қозғалыс  қауіпсіздігі бөлімінің басшысылары Сағатбек Тумырзаев пен Ғани Қадіров қауіпсіздіктің сақтауының бірден бір кепілі – ереже-нұсқаулықтардан айнымай, қатаң сақтап жұмыс істеу екенін еске салды.  

– Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау – теміржолшының ең басты мақсаты, міндеті, жұмысы. Оны орындау үшін, оны сақтау үшін еш нәрсе кедергі бола алмайды, себебі теміржолшының жұмысы заңдылықтар мен тапсырмаларды орындаумен тығыз байланысты. Бүгінгі оқу-тәжірибелік көрсетілімді комиссиялық айлық тексеру аймақтағы барлық мекеме, станция және бөлім басшыларының қатысуымен, тәжірибе алмасу мақсатында өтіп отыр. 50-ден аса қызметкерлердің қатысуымен өткізілген жиында айлық тексерісті сапалы жүргізу, оның ішінде нормалық нұсқамалардың талаптарын орындау, жол көрсеткіштерін, белгі беру құралдарының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қолданыстағы аппараттардың сынақтан сауатты өткізілуін көрсету басты мақсат болды, – дейді НЖС бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Сағатбек Тумырзаев.  

Комиссия станция жұмысының сапасы мен тәртібіне оң баға берді. Мұндай комиссиялық тексерістер апаттың алдын алуға, өндірістік тәртіп пен еңбек қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізетін маңызды шара, сондықтан бүгінгі күні тәжірибе алаңына айналған байқау сала қызметкерлері үшін тиімді болғанын жеткізді.  

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды