Депутаттар контейнерлік аэрохаб жұмысымен танысты

Аймақтар
04.07.2025, 09:05
Оқуға 1 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Апта басында Ақтауға Парламент Сенатының депутаттары келіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан маңызды инфрақұрылымдық жобалармен танысты.

Бүгінгі таңда қарқынды дамып отырған өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар мен маңызды нысандар аз емес. Сенат депутаттары Сүйіндік Алдашов пен Бекбол Орынбасаров облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаевпен осы нысандарды аралап көріп, аймақтың даму үдерісіне баға берді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша сапар барысында делегация Арнайы экономикалық аймақ – «Ақтау теңіз порты» аумағында орналасқан контейнерлік аэрохабтың жұмысымен де танысқан. Бұл жоба Президенттің тапсырмасымен басталған болатын. Аталған жобаның мақсаты – Ақтау портын Каспий маңы мемлекеттері мен Орталық Азия елдеріне бағытталған ірі логистикалық орталыққа айналдыру.  

Жалпы ауданы 19,2 гектарды құрайтын бұл хабтың өткізу қуаттылығы – бірінші кезеңде жылына 120 мың ДФЭ. Толық іске қосылған соң бұл мүмкіндігі 240 мың ДФЭ-ге дейін жетеді деген болжам бар. Жоба 2024- 2026 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы көзделген.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды