Ақтауда Қытай компанияларының қатысуымен ірі логистикалық хаб құрылады

Аймақтар
14.07.2025, 12:41
Сурет: Әкімдік
Қазақстан теміржолшысы

11 шілде күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қытай Халық Республикасының «Чжунъюнь Гоцзи» және «Гою Учань» компаниялар тобының төрағасы Юй Боянмен ресми кездесу өткізді. Кездесуде тараптар өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру және халықаралық сауда байланыстарын кеңейту бағытындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Келіссөз барысында қытайлық тарап Ақтау қаласында заманауи теңіз порты мен көпфункционалды логистикалық орталық салу туралы инвестициялық ұсынысын ортаға салды. Жоба Қытай тарапынан толық қаржыландырылып, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін (ТХКД) тиімді пайдалануға бағытталмақ. Бұл бастама Маңғыстауды Еуразия құрлығындағы басты транзиттік хабтардың біріне айналдыруды көздейді.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай стратегиялық маңызы бар жобаға облыс әкімдігі тарапынан толық қолдау көрсетілетінін жеткізді.

– Бұл бастама Маңғыстау облысының көлік-логистикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, аймақтың экономикалық дамуына серпін береді. Жобаны тиімді әрі жедел іске асыру үшін барлық жағдайды жасауға дайынбыз, – деді аймақ басшысы.

Кездесу соңында Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Чжунъюнь Халықаралық Өнеркәсіптік Компаниясы (Хэйлунцзян)» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, бұған дейін – биылғы сәуір айында Юй Боян бастаған делегация Маңғыстауға арнайы сапармен келіп, логистикалық хаб жобасына қызығушылық білдірген болатын. Бұл кездесу – екіжақты ниетті нақты әрекетке айналдырған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Жобаның жүзеге асуы Маңғыстау өңірінің инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа жұмыс орындарын құрып, халықаралық сауда ағымдарының жаңа бағытын қалыптастыруы мүмкін.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда