Сын сағатта сыналғандар

Аймақтар
01.08.2025, 10:31
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Ол сол күні кестеге сай кезекшілік міндетін атқарып жүрген. Таңғы сағат 8:30 шамасында Бадам станциясындағы бірінші жолдан тауарлы пойыз өткен. Енді міне, жолаушылар пойызы өтіп жатыр. Кәнігі жолшы әдеттегідей «тарс-тұрс» еткен қалыпты дыбыстың қосарланып, басқаша ырғақпен шығып жатқанын байқап, елең ете түскен...

Шымкент жол дистанциясының жол шебері Жақсыбек Жүсінбекұлы вагондар дыбысы басқаша шығып жатқан маңға жақындап, станция жолын мұқият қарай бастайды. Қандай да бір ақау болса, апаттың алдын алуға кірісу керек. Әйтпесе, жоспар бойынша бұл жерден сәлден соң тағы бір жылжымалы құрам өтуі тиіс...  

– Вагонның тұтас салмағы қос доңғалақ арқылы рельске түскендіктен бұл нүктедегі соққының қуаты жоғары еді. Мұқият көз салып қарасам, бағыттағыш бұрманың бір бөлшегі сынып кеткен екен. Қызмет барысында біз бұл бөлшекті «острянка» дейміз. Ал ол болмаса, әлгі доңғалақ рельстен шығып кетеді. Оның соңы неге алып келетіні айтпаса да түсінікті, – дейді жол шебері Жақсыбек Шәріпов.  

Тәжірибелі маман жауапты мамандарға хабар беру үшін дереу байланысқа шығады. Себебі бұл жолдан тағы бірнеше жылжымалы құрам өтуі тиіс. Ал жолдың жағдайы анау. Осы сәтте станция паркіндегі дыбыс зорайтқыш арқылы бірінші жолмен тағы бір жылжымалы құрам өтетіні хабарланып жатты...  

Жақсыбек Жүсінбекұлы дереу станция кезекшісі Нұралхан Әбдіровке жолдың ақауы бар екендігін ескертеді. Жәй ғана хабарлап қоя салмайды. Оқиға онында тұрып, жағдайды реттеудің екі нұсқасын ұсынады. Бірі – келе жатқан жылжымалы құрамды жұп жолға салу керек немесе жанама жолмен өткізу керек. Ал егер бұл екі нұсқаның бірін іске асыру мүмкіндігі болмаса, бірінші жолдағы қозғалысты мүлдем тоқтатуға тура келеді. Бұл тәжірибесі толысқан маманның тауып айтқан тиімді кеңесі болатын. Өйткені кейіпкеріміз ұзақ жылдық еңбек жолында мұндай оқиғалардың талай куәсі болған. Сондықтан да ол осылай тиімді жол табудың, жедел әрекет етудің шебері еді. Бұл жолы да солай әбжіл әрекетке көшті. Ол шұғыл түрде аға жол шебері Қуаныш Ағыбаевпен байланысты. Онымен кеңесе келе бірінші жолдағы қозғалысты тоқтату қажет деп шешеді.  

Сол сәтте аймақтағы жол шеберлері арасында дабыл қағылып, тиісті мамандар мен техникалар жедел іске жұмылдырылып, бірінші жол 3 сағатқа толықтай жабылды. Жақын маңдағы пойыз қозғалысы бір сәтке аялдап, айналма жол арқылы қозғалысты қамтамасыз ету нұсқалары қолға алынды. Өз кезегінде бұл қауіпсіз қозғалысты шебер үйлестіре отырып, экономикалық шығынға ұшырамаудың амалы болатын.  

Кейіннен жол жөнделіп, жағдай дұрысталған соң қырағылық үлгісін көрсеткен жол шеберінің атына алғыс айтылып, жоғары басшылықтың марапатына ұсынылды. Бұл мақтау-мадақ үшін емес, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге қосылған жеке үлесті елеп-ескеру, бағалау болатын. Өйткені үлгілі істі осылайша өнеге қылу өзгелерді ынталандыра түсетіні анық.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды