Төретам станциясында жүк айналымы артып келеді

Аймақтар
13.08.2025, 10:31
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол аса қауіпті аймақ болғанмен оның жемісі ел экономикасының күретамыры. Бұл саладағы әрбір көрсеткіш – тұтас өңірдің тыныс-тіршілігін айқындайтын маңызды фактор. Осы тұрғыда Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты Төретам станциясы өндірістік жоспарларын жүйелі орындап, жүк тасымалының сапасын арттыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

2025 жылдың шілде айындағы және жеті айлық жүк айналымы көрсеткіштері станция қызметінің бірқалыпты даму қарқынын көрсетеді. Мәселен, 2024 жылдың шілдесінде 3 вагон (80 тонна) жүк тиеу жоспарланғанымен, нақтысында 8 вагон жүк тиелген. Ал 2025 жылдың шілде айында тиеу жоспары 6 вагон болып белгіленіп, нақты 3 вагон (19 тонна) жүк тиелген. Бұл  өткен жылдың тиеліміне қарағанда 5 вагонға кем. Алайда, жүк түсіру көрсеткіші бойынша айтарлықтай өсім бар: 2024 жылдың шілдесінде 54 вагоннан, 3034,8 тонна, жүк түсірілсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 136 вагонға (7670,4 тонна) жетіп отыр. Яғни, 82 вагонға артық орындалған. Тиелім көлемі бірқалыпты болғанымен жүктің салмағы артқаны байқалады.

Станция бойынша 2024 жылдың алғашқы жеті айында 68 вагон (1790 тонна) жүк тиелген болса, 2025 жылы дәл осы мерзімде де 68 вагон, бірақ 2584 тонна жүк тиелген. Бұл вагон саны өзгеріссіз болғанымен, жүк салмағының артқанын көрсетеді. Мұнда жүк тығыздығы мен вагондардың тиімді жүктелуі маңызды рөл атқарып отыр.

Ал жүк түсіру көрсеткіші бойынша да станция жұмысы айтарлықтай ілгерілеуде: 2024 жылдың 7 айында 247 вагон (13 955 тонна) жүк түсірілсе, 2025 жылдың сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 471 вагонға (26 564,4 тонна) жеткен. Яғни, 224 вагонға артық түсірілген. Бұл – станциядағы қабылдаушы бағыттағы жүк тасымалының жанданып жатқанын көрсетеді.

Станцияда пойыздық және маневрлік жұмыстар толықтай қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілуде. Жұмысшылар ауыспалы кестемен, барлық қажетті қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен қамтылған. Өндірістік қауіпсіздік – басты назарда. Пойыз қозғалысының қауіпсіздігі мен еңбек тәртібі – станция жұмысының басты бағдары.

– Станциямызда пойыздардың қауіпсіз қозғалысы мен жоспарлы жұмыс кестесін сақтау басты міндет. Теміржолшыларымыздың кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі арқасында бұл бағытта ешбір олқылыққа жол берілген жоқ. Әлеуметтік қолдау мәселесі де шешілген. Бастысы – өндірістік жоспардың тұрақты орындалуы, - дейді станция бастығы Руслан Таңатарұлы.

Клиентпен байланыс – табысты жұмыстың кепілі болғандықтан бұл жұмыс кезек күттірмейтін міндет секілді. Станцияда барлық жүк жөнелтушілер және жүк қабылдаушылармен тұрақты түрде кездесулер мен кеңестер ұйымдастырылып келеді. Бұл логистикалық үдерістерді оңтайландыру, жүктің уақытылы жеткізілуі мен қабылдануын қамтамасыз ету, сондай-ақ тұтынушы сенімін арттыруға бағытталған.

Кездесу барысында жүк тиеу және түсіру көлемін арттыру, тасымал сапасын жақсарту, станцияның өткізу қабілетін ұлғайту және өңірлік жүк ағынын дұрыс бағыттау сияқты маңызды мәселелер көтеріледі.

Станция кезекшісі Әлібек Залғараев, аға тауар кассирлері Марина Жалекеева мен Мариямгүл Нарекеева сынды білікті мамандардың еңбегі де ерекше атап өтілді. Бұл – ұжымдық үйлесімді жұмыстың жарқын үлгісі.

Алдағы уақытта Төретам станциясының алдында тұрған басты міндет жүк тиеу көрсеткішін арттыру, жаңа клиенттерді тарту, пойыз құрамдарының айналымын жылдамдату және вагондар айналымының тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, жүктің қауіпсіздігін сақтау, тиеу-түсіру үдерістерін жеделдету, тұтынушылармен кері байланысты нығайту – басым бағыттардың бірі.

Теміржолшылардың қажырлы еңбегі мен салаға деген адалдығының арқасында Төретам станциясы өңірлік тасымалдауда тұрақты даму жолын ұстанып отыр. Бұл көрсеткіштер – теміржол саласының ел экономикасына қосып отырған үлесінің айқын дәлелі.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды