Теміржол торабы Шымкенттің даму қарқынын арттыруда

Аймақтар
26.08.2025, 10:10
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Қазіргі кезде республикалық маңызы бар қала санатына енетін Шымкент қаласындағы теміржол қызметі негізінен Шымкент – Арыс – Түркістан учаскесі арқылы ұйымдастырылады. Оңтүстіктегі теміржол тармақтары осы үш бағыт бойынша жүргізілуі нәтижесінде өңірдің экономикалық әлеуеті қарқынды дамып келеді.

Оның үстіне Шымкент теміржол арқылы жүк және жолаушылар тасымалын сәтті әрі табысты іске асыруда белсенді қала санатына еніп отыр. Себебі мұнда жолаушылар ағынымен қатар жүк тасымалы қызметі мейлінше біріздендірілген. Мұның бір ұшы қаланың солтүстік-шығыс бөлігіне жүк вагондарының ерсілі-қарсылы толассыз қатынауымен тікелей байланысты. Өйткені қаладағы 5 индустриалды-инновациялық аймақтың екеуі – Ордабасы мен Жұлдыз осы аумақта бой көтерген. Ал оның құрамындағы ірілі-ұсақты жүздеген өндіріс орны мен кәсіпорын, мекемелер үшін қажетті шикізатты жеткізу мен өндірілген тауарды тасымалдауда автокөлік пен теміржол қатынасының маңызы зор.  

Енді осы тасымалдау ісінде қалтқысыз қызмет көрсетіп келе жатқан мекеменің бірі Шымкент магистральдық желі дирекциясына қарасты №53 жол дистанциясы болып табылады. Шымкенттік жолшылар Түлкібас пен Бадам аралығында басты жол ретінде пайдаланылатын 206,7 шақырым жолды күтіп-баптаумен айналысады. Ал станцияішілік жолдар мен қабылдап-жөнелту жолдарын қоса есептегенде шымкенттік жолшылар жауапкершілігіндегі жолдың жалпы ұзындығы 523,9 шақырымды құрайды. Сонымен қатар дистанция жолшылары осы телім бойында орналасқан 18 өтпенің жай-күйін мұқият бақылауда ұстайды.  

Бүгінде Дәурен Даниярұлы жетекшілік ететін дистанцияда 370-ке жуық адам жұмыс істесе, оның 245-і жол монтерлері. Ал олар қызмет көрсететін учаскеде Бадам өзенін жағалай орналасқан теміржол телімі бар. Бұл телімнің облыстық маңызы бар Шымкент – Ленгір автожолымен алма-кезек түйісіп жатуы заңдылық іспеттес. Ал дистанцияның жетекші инженері Ақтолқын Жоланованың айтуынша, бүгінде мекеме қызмет көрсететін 18 өтпенің 5-і күзетпелі. 13 өтпе күзетпесіз. Оның 2-і басты магистральдық жол жиегінде орналасқан болса, оның бірі – Түлкібас маңында, екіншісі Арыс атырабында және бір өтпе Шымкент қаласының қосалқы жолында орналасқан.  

– Біз қызмет ететін күзетпесіз өтпелердің ең көбі осы Шымкент – Ленгір бағытындағы жол бойына жайғасқан. Ал енді оның бәрі жекеменшік кәсіпорындардың меншігі болса-дағы, оларды бізге қатысы жоқ дей алмаймыз. Егер өзара байланысып ақпарат алмасып, тәжірибе бөлісіп жұмыс жүргізбесек, іс ілгерілемейтіні белгілі, – дейді А.Жоланова.  

Ақиқатында, күзетпесіз өтпелер жекеменшік иелікте екен деп жайбарақат отыруға болмайды. Бір-бірімен ұштасқан қызмет, мәндес сала болғандықтан да тараптардың өзара түсінісіп жұмыс жүргізуіне тура келеді. Сондықтан да жетекші инженер атокөлік пен темір жолдың түйіскен нүктесіндегі өтпелердің жай-күйі қатаң бақылауда екендігін тілге тиек етеді. Яғни ол жерде қауіпсіздік қағидаларының сақталуын қамтамасыз ететін тиісті белгілер (көліктің тоқтап өтуін талап ететін белгі мен тоқтап тұруға тыйым салатын белгінің тұруы, бейнебақылау камераларының орнатылуы) талапқа сай қойылуы тиіс. Әрине, өткелдегі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету өткел иесінің міндеті десек те, ол жерде талап-тәртіптің сақталуына белгілі бір деңгейде мүдделес мекемелердің өкілдері де тікелей жауапты. Сондықтан жергілікті әкімдік пен полиция өкілдерінің қатысуымен жолшылар да жиі рейд өткізіп, жергілікті тұрғындар мен жүргізушілер арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіп, қауіпсіздік ережелері жазылған үнпарақтар таратып тұрады. Өйткені оқыс оқиғаға жол бермей, келеңсіз жағдайдың алдын алу – қоғамдық қауіпсіздіктің басты құндылығы.

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды