Марапат иесін тапты

Аймақтар
26.09.2025, 09:00
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Лайықты марапат – адал еңбектің жемісі. «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Тараз филиалының Тараз станциясындағы атқыштар командасының күзетшісі Серік Игісіновтің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуы – соның дәлелі.

Күзетшінің мерейін өсірген марапат – саладағы жиырма жылдық табысты жұмысының жемісі. Бұл – қарапайым еңбек адамын тұрақтылыққа жетелейтін күшті ынталандыру. Ал тұрақты жұмыс күші – табыс пен табандылықтың негізі.  

Серік Уәлиханұлы үшін күзет саласындағы қызметі тұрақты жұмыс көзі ғана емес, жемісті еңбек жолына айналған.  

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» Тараз филиалының директоры Еркін Мүсілімов сала мамандарын марапатқа ұсынарда олардың еңбек өтілі, өз міндетін атқарудағы жауапкершілігі, қоғамдық іс-шаралар кезіндегі белсенділігі ескерілетінін атап өтті. Ұжымда жұмысшыларды ынталандыру жөніндегі арнайы комиссия да құрылған. Марапаттау туралы ұсыныс осы комиссия тарапынан түседі.  

– Серік Игісінов жұмыс барысында өзін өте жауапты қызметкер ретінде көрсете білді. Атқыштар командасының қызметкерлері арасында беделге ие. Өз ісінің нағыз маманы. Филиал тарапынан ұйымдастырылған қоғамдық іс-шаралардың бәрінде белсенді қатысатын сергек жан. Өз жұмысшыларымыздың күшімен ғимараттың сыртқы қасбетіне жөндеу-әрлеу жұмыстарын жүргізгенде барынша атсалысып қана қоймай, құрылыс жұмыстарын оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізді. Оның ұсынысы расында тиімді болып шықты. Сондықтан, марапат иесін тапты деп айта аламын, – дейді филиал директоры.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды