Арнайы жасақтың ауқымы кең

Аймақтар
26.09.2025, 09:06
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе қаласындағы Әскерилендірілген теміржол күзетіне қарасты жедел әрекет ету оңтайлы тобы – стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді құрылым.

Әскерилендірілген теміржол күзеті филиалының директоры Сарбай Жанғалиұлы аймақ бойынша төрт станцияда орналасқан арнайы жасақ сарбаздарының жұмысына қатысты мәлімет берді.  

Айтуынша, арнайы жасақтың ауқымы кең, Ақтөбе филиалының жедел әрекет ету оңтайлы тобында 43 қызметкер бар. Олар аймақ бойынша Ақтөбеде -10, Қандыағашта -13, Шалқарда - 10 және Оралда -10 қызметкер орналасқан. Күзетшілер ауысым бойынша жұмыс істейді. Күн сайын қызметке кіріспес бұрын, әр қызметкер медициналық тексеруден өтеді. Содан кейін ғана нұсқама беріліп, күзетілетін аумақ белгіленеді.

– Жедел әрекет ету тобының негізгі міндеті – жүктің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету, ұрлықтың алдын алу және адам өмірінің қауіпсіздігін сақтау. Қауіпті аймақтар – Кемпірсай, Ащысай, Жазық, Никельтау, Қандыағаш, Ақтөбе – алгоритмге сай бақыланады. Жүк пойыздары бекеттен бекетке жіті күзетпен жеткізіледі. Жүк вагондары қойылған аумақтарда күзет күшейтіледі, – дейді филиал жетекшісі.  

Жедел әрекет ету оңтайлы тобының басшысы Сәндібек Қауменов 2007 жылдан бері осы салада, 2018 жылдан топқа басшылық етеді. Оның айтуынша, ұрлық көрсеткіші соңғы кезде айтарлықтай төмендеген. Бұл – профилактикалық жұмыстардың нәтижесі. Мектептерде, оқу орындарында, қоғамдық орындарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңсыз әрекеттердің жауапкершілігі туралы ақпарат беріледі.  

– Біз жылжымалы құраммен тасымалданатын барлық жүктің қауіпсіздігіне жауап береміз. Биыл вагондардан жүк ұрлығы тіркелген жоқ. Бірақ тепловоздардан дизель отыны ұрлануына қатысты 11 факт анықталып, 1 жанар-жағармай ұрлығы және 1 теміржолдың жоғары бөлшектерін ұрлау фактісі тіркелді,– деді топ басшысы.  

Топ суық қарумен жабдықталып, жаңа көліктермен қамтылған. Жргілікті желілік полиция бөлімдерімен бірлескен жұмыс жолға қойылған.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды