Теміржолшылардың отбасына алғыс хат табысталды

Аймақтар
17.10.2025, 09:02
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«...Еңбек қауіпсіздігін сақтай отырып өміріңізді қорғаңыз, еңбек ете жүріп отбасыңызды қорғаңыз, Сіз отбасыңызға керексіз!» деген жүрекке жылы сөздермен басталатын алғыс хат теміржолшыларға жеткізілді.

Теміржолшы – күн сайын сапарға аттанған әр пойыздың қауіпсіздігіне жауап беретін тұлға. Ол – тек теміржол маманы емес, бір отбасының қорғаны, бала-шағаның сүйікті әкесі, ананың үміті, жұбайының сенімі. Осындай салмақты еңбекті арқалаған теміржолшының артында әрдайым мызғымас тірек – оның отбасы тұрады. Осыны терең түсінген компания басшылығы теміржолшылардың отбасына арналған алғыс хат жолдауды ұйғарды.  

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебеков теміржолшылардың отбасын жинап, Магистральдық желі дирекциясының директоры С.Рахметовтің алғыс хатын табыстап, әр теміржолшының отбасы мүшелеріне ілтипат көрсетті, оларға кәсіподақ ұйымы тарапынан естелік сый-сияпаттар табыс етілді.  

Кәсіподақ ұйымының төрайымы Салтанат Махмутова: «Теміржол саласында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға отбасының, жұбайларының түсінігі мен қолдауы ауадай қажет. «Сақ бол, аман бол, біз сені күтеміз!», «Балалардың қуанышын бірге көрейік, болашақты бірге құрайық!» деген жылы сөз, тілек үйде емес, түзде көп жүретін теміржолшыға үлкен күш пен қолдау беретіні талас тудырмайды», – дейді.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда