Арыста Alstom серіктестігімен жаңа өндірістік кешен салынуда

Аймақтар
10.11.2025, 13:06
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс қаласында француздық «Alstom» компаниясымен бірлесіп жұмыс істейтін қазақстандық «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС тағы бір өндірістік кешеннің құрылысын жүргізуде. Бұл жоба өңірдің индустриялық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға зор мүмкіндік береді.

Электровоздарға қызмет көрсететін сервистік орталық ретінде салынып жатқан нысанның жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын іске қосылғанда 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Ал зауыттың жалпы аумағы 2,9 гектарды қамтиды. Сонымен қатар мұнда теміржол құрамдарына техникалық және сервистік қызмет көрсету бағыты да дамытылады.

Жалпы, бұл инвестициялық бастама Түркістан облысының әкімі Нұрлан Көшеровтің төрағалығымен 2025 жылғы 20 сәуірде өткен өңірлік кеңес отырысында мақұлданған болатын. Кеңес хаттамасына сәйкес жоба «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында электр желілерін тарту және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытында қолдауға ие.

Қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясынан электр желілеріне қосылуға техникалық шарттар алынды. Сондай-ақ су, кәріз және газ жүйелеріне қосылуға қажетті техникалық рұқсаттар рәсімделіп, жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Аталған құжаттар мемлекеттік сараптамадан өткен соң, «Өңірлік үйлестіру кеңесіне» ұсынылып, бюджеттік қаржыландыру тетігі арқылы инфрақұрылымды дамыту жоспары жүзеге аспақ.

Жуырда жергілікті билік органының өкілдері құрылыс алаңына барып, нысандағы жұмыс қарқынымен танысты. Қазіргі таңда инженерлік жүйелерді тарту бойынша барлық қажетті техникалық шарттар алынып, сәулет-жоспарлау тапсырмалары толық рәсімделген.

Қала әкімі Қайсар Маңқараев құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын қадағалау мақсатында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, мемлекет тарапынан қажетті қолдау толық көрсетілетінін атап өтті.

Айта кетсек, Alstom – теміржол көліктерін, соның ішінде локомотивтер мен жоғары жылдамдықты пойыздарды өндіретін әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Француздық серіктестікпен бірлескен бұл жоба Қазақстанның теміржол саласындағы технологиялық дамуына тың серпін бермек.

Аталған жоба Арыс қаласының ұлттық цифрлық инвестициялық платформасында ресми түрде тіркеліп, «Электровоздарға сервистік қызмет көрсету орталығы» ретінде өңірдің ірі өндірістік нысандарының біріне айналмақ.

 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?