Ерекше статусқа ие станция

Аймақтар
25.11.2025, 08:43
Суретті түсірген Абзал ҚАЛИЕВ
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Стратегиялық маңызды нысан Құрық портына тікелей қызмет көрсететін «Құрық порты» станциясы 2018 жылы құрылған, ал станцияның кеме алды сұрыптау паркі былтыр ашылды. Вагондарды құрастыру-тарқату сол жаңа паркте жүзеге асырылады.

Аманқос Құсайынов – қырық жылдық тәжірибесі бар теміржолшы. Станция алғаш ашылған кезде оны басқарған. Арада бірнеше жыл өткенде биыл қайта басшылыққа келген. Станция бастығын порт басынан жолықтырдық.  

– Вагондарды кемелерге тиеп, оларды шығару, астық терминалдарына вагондар беру, вагондардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тағысын тағы барлық станцияға тән жұмыстар мұнда да атқарылады. Өзгелерден айырмашылығымыз – су көліктерімен жұмыс жасаймыз. Станцияның әкімшілік кеңсесі кіреберісте болғанмен, станция кезекшілері, агенттер мен пойыз құрастырушылар және жүк қабылдап жөнелтушілер, вагоншылар осы порт ғимаратында отырады. Паромға 34-38 вагоннан әкелеміз. Жалпы өзімізде 200-ден астам вагон тұр. Оларды паромға және екі астық терминалына береміз. «Kaspi Grain Way» терминалдарына қызмет етеміз, оның сыйымдылығы 52 вагон, екі кезеңде тепловозбен апарып береміз, өздері түсіреді, біз шығарамыз. «Саржа» терминалының біздің жаңа сұрыптау паркінде өздерінің кіреберіс жолы бар, сол жерде оларға вагондарды құрастырып береміз, өздері тепловозбен бері тартып алады. Транзиттік жүктер Қытай, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келеді. Олар Еуропаға жөнелтіледі. Ал кері қарай бос вагондар қайтады, – дейді «Құрық порты» станциясының бастығы Аманқос Құсайынов.  

Бүгінде аталған станцияда 65 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 9 станция кезекшісі, 9 агент, 9 тасымал құжаттары операторы, 5 тауар кассирі, 5 жүк қабылдап-жөнелтуші, 28 пойыз құрастырушы бар. Бәрі 12 сағаттық ауысыммен, көпшілігі Ақтаудан қатынап жұмыс істейді. Бір ауысымға 15 шақты адам шығады. Портта станцияның А және Б екі паркі бар. Әрқайсысы 6 жолдан тұрады. Теміржолшылар қызмет ететін 2 айлақ жұмыс істейді.  

Биыл 10 айда Құрық порты арқылы 1 899 мың тонна жүк түсіріп, тиелді. Оның ішінде кеме кешеніне 1 481,1 мың тонна, «Kaspi Grain Way» ЖШС астық терминалына – 190,8 мың тонна және Саржа терминалына 227 мың тонна жүк келді. Осы ауқымды жүктерді сұрыптау паркінде түсіріп, тиеу, терминалдар мен паромдарға жеткізу, бос вагондарды бері қайтару, вагондарды жөндеу, жарамдылығын тексеру жұмыстарын ерекше статусқа ие станцияның қызметкерлері тәулік бойы жүргізе береді. Еліміздің, әсіресе транзит арқылы халықаралық жүк тасымалын қамтамасыз етуде «Құрық порты» станциясының маңызы жылдан жылға арта түсуде.  

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты