Қандыағашта «Үздік вагон қараушы» анықталды

Аймақтар
05.12.2025, 08:48
Оқуға 3 мин
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш вагон пайдалану депосында «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалының Батыс өңірі бойынша «Үздік вагон қараушы» байқауы өтті.

Батыс өңіріндегі Атырау, Қандыағаш, Орал, Қазалы, Маңғыстау – 5 вагон пайдалану депосынан келген мамандар кәсіби шеберлік пен жылдамдықты талап ететін үш кезең бойынша сынға түсті. Шапшаңдықпен бұрандалы емес қосылыстарды жинап, вагон ақауларын анықтап, білім-біліктерін сынға салумен қатар өзара тәжірибе бөліскен вагон қараушылар байқау арқылы өндірістегі шұғыл әрекеттерді көрсетті.  

– Вагон қараушы – теміржол қауіпсіздігінің алдыңғы шебіндегі маман. Қырағылық пен кәсіби шеберлік олардың күнделікті жұмысында шешуші рөл атқарады. Әрбір анықталған ақау – мүмкін болатын апаттың алдын алу. Сондықтан мұндай байқаулар арқылы біз тек үздіктерді анықтап қоймай, қызметтің маңызын да көрсетеміз, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалы Батыс өңірінің вагон шаруашылығы департаментінің бастығы Ербол Смағұлов.  

Байқауға Батыс өңірі бойынша вагон шаруашылығының бастығы Бауыржан Артық қатысып, қатысушыларға арнап сөз сөйледі. Вагон шаруашылығы саласында еңбек ететін теміржолшылардың жауапкершілігі өте жоғары екенін айтқан ол, тексерістен өткен әрбір жылжымалы құрам, уақытылы анықталған ақау – жолаушылар мен жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты кепілі екеніне тоқталды.  

Қандыағаш вагон пайдалану депосының бастығы Еркін Жананбаев вагон қараушылар арасындағы кәсіби шеберлік байқауына ерекше сипат берді. Ол өндірістегі маңызды тұстарды тек теориялық біліммен емес, тәжірибе арқылы есте сақтаудың маңызын ескеріп, байқау барысында нақты практикалық тапсырмаларға басымдық берілгенін жеткізді.  

Депо бастығының бастамасымен өткен байқауға вагон қараушылар ерекше белсенділікпен қатысқанын атап өту керек. Олар техникалық ақауларды анықтау, қауіпсіздік талаптарын сақтау, жылжымалы құрамды тексеру секілді кәсіби міндеттерді тәжірибе жүзінде көрсете білді. Бұл салада салғырттыққа орын жоқ, өйткені бір ғана қателік бүкіл жүйеге, адам өміріне әсер етуі мүмкін екені байқау кезінде анық көрінді. Бірінші кезеңде қатысушылар 10 минут ішінде 40 сұраққа жауап берді. Екінші кезең – жылдамдық, яғни қосылыстарды жинап жарысса, үшінші кезең өндіріс орнында өтті. Ағыту-жөндеу бекетіне қойылған үш вагоннан мүмкіндігінше көп ақау табу тапсырмасы берілді.  

Байқаудың негізгі мақсаты – вагон қараушылардың кәсіби дайындық деңгейін арттырып қана қоймай, өндірістегі ұсақ-түйек болып көрінетін, алайда қауіпсіздік үшін аса маңызды детальдарға назар аударту болды. Шараға қатысқан Ақтөбедегі басшылық құрам байқауға жоғары баға берді.  

Жеке есеп бойынша 1-орынды Қандыағаш депосының вагон қараушысы Жанат Елеуов иеленді. 2-орын – Қазалыдан келген Омар Тәңірбергеновке, 3-орын Атырау вагон депосының өкілі Болатбек Жұмабаевқа бұйырды.  

Ал командалық есепте Қазалы депосы үздік атанды, екінші және үшінші орынды Маңғыстау және Орал вагон пайдалану депосының ұжымы өзара бөлісті. Сонымен қатар іс-шара барысында ардагер вагоншыларға құрмет көрсетіліп, олардың сала дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтілді.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды