Қазалыда аспалы көпір пайдалануға берілді

Аймақтар
23.01.2026, 15:05
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сыр өңірінде теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың тағы бір жарқын нәтижесі Қазалы станциясында жаяу жүргіншілерге арналған жаңа аспалы көпірдің пайдалануға берілуі дер едік. Бұл нысан – тек инженерлік құрылыс емес, ең алдымен адам өмірінің қауіпсіздігін алдыңғы орынға қойған мемлекеттік саясаттың нақты көрінісі.  

Көпірдің ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, зиялы қауым өкілдері, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебеков бастаған аймақ теміржолшылары мен сала ардагерлері қатысып, салтанатты сәтке куә болды. 

   

– Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы көлік-транзит саласының әлеуетіне айрықша мән беріп келеді. Осы бағытта өңірімізде нақты істер атқарылуда. Былтыр жол инфрақұрылымын дамытуға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, жүздеген шақырым жол жөндеуден өтті. Қазалы вокзалы маңындағы 1,3 млрд теңгеге салынған жаяу жүргіншілер көпірі – сол жұмыстардың заңды жалғасы. Бұл өткелді күн сайын 2 мыңнан астам адам пайдаланады. Демек, оның тиімділігі мен пайдасы өлшеусіз. Ең бастысы бұл көпір адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне қызмет етеді, – деді өз сөзінде жол және көлік инфрақұрылымын дамыту ел дамуының стратегиялық бағыты екенін ерекше атап өткен облыс басшысы.    

Жобаның іске асуына «ҚТЖ» ҰК толық қаржылай қолдау көрсетіп, құрылыс жұмыстарын «ҚазТеміржол Engineering» ЖШС сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтады. Ұзындығы 168 метр, биіктігі 8 метр, ені 3,2 метр болатын көпір барлық қауіпсіздік талаптарына сай салынған. Әрбір бөлшегі жаяу жүргіншінің алаңсыз өтуіне бағытталған.  

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебеков жергілікті халықтың қуанышымен бөлісіп, шын мәнінде темір жолдың арғы бетінде тұратын 13 мыңнан астам тұрғыны үшін бұл көпір күнделікті тіршіліктің тынысын жеңілдеткен маңызды әлеуметтік нысан болып отырғанын жеткізді. Тарихы 70 жылға жуықтаған ескі өткел уақыт талабына жауап бере алмайтын деңгейге жеткен еді. Халық санының өсуі, пойыз қозғалысының жиілеуі жаңа, заманауи шешімді қажет етті.Тұрғындардың көптен бергі тілегі осылайша нақты нәтижеге ұласып отыр.    

Сыр бойында бұл бағыттағы жұмыстар бір ғана Қазалымен шектелмейді. Бұған дейін Белкөл станциясында және Қызылорданың КБИ шағын ауданында жаяу жүргіншілер көпірлері салынса, Шиелі мен Арал қаласында теміржол үстінен өтетін автожол пайдалануға берілді. Қазіргі таңда облыс орталығындағы Жанқожа батыр көшесі бойынан теміржол астынан өтетін автокөлік көпірінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл жобалардың барлығы – бір-бірімен сабақтас, ортақ мақсатқа бағытталған кешенді саясаттың нәтижесі.

Сала ардагерлері мен жергілікті тұрғындар да жаңа көпірді зор ризашылықпен қабылдады. Өйткені бұл нысан бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақтың да қауіпсіздігіне қызмет ететін ұзақ мерзімді инвестиция.

Жалпы алғанда Қазалыдағы жаңа жаяу жүргіншілер көпірі — Сыр өңіріндегі теміржол инфрақұрылымын жаңғыртудың жарқын символы. Ол мемлекет пен халық арасындағы сенімнің, теміржолшылардың адал еңбегінің және адам өмірін бәрінен биік қойған жауапты көзқарастың айқын дәлелі. Осындай нақты істер арқылы өңірдің ғана емес, тұтас елдің болашағы нық қадаммен алға басуда.

Ескі тарихи өткелдің орнын басып, заман талабына сай жаңа жаяу жолаушылар көпірі бой көтерді. Жаңа көпірдің ұзындығы 168 метр, ені 3,2 метр, биіктігі 8,2 метрді құрайды. Ол қауіпсіздік пен ыңғайлылықты басты орынға қоя отырып салынды. Көпірдің әрбір элементі жаяу жүргіншілердің еркін әрі алаңсыз өтуі үшін ойластырылған.

Қауіпсіз көпір-қамқорлық ұстанымының жарқын көрінісі. Бұл жай ғана құрылыс емес, тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдететін маңызды нысан. Қазалыдағы жаңа көпір Сыр өңіріндегі теміржол инфрақұрылымын жаңғыртудың жарқын символы. Ол мемлекет пен халық арасындағы сенімнің, теміржолшылардың адал еңбегінің және адам өмірін бәрінен биік қойған жауапты көзқарастың айқын дәлелі.

 

Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты